» » ҚОҚЫС ЖӘШІКТЕРІ ОРНАТЫЛДЫ

ҚОҚЫС ЖӘШІКТЕРІ ОРНАТЫЛДЫ

ЖОСАЛЫНЫҢ КЕҢ ҚҰШАҒЫНА СЫЙМАҒАН ҚОҚЫСТАР ЖЫРТЫҚ ҚАПТАН ТӨГІЛІП, ТАРЫДАЙ ЖЕРДЕ ШАШЫЛЫП ЖАТАТЫН-ДЫ. КӨШЕ БАҚСАҚ ТАУ-ТАУ ҮЙІНДІГЕ ТАП БОЛАТЫНБЫЗ. БІРАҚ, ҚОҚЫСҚА СҮРІНЕ ҚҰЛАЙТЫН КҮН ДЕ АРТТА ҚАЛҒАН СЕКІЛДІ. СЕБЕБІ ЖАҚЫНДА ҒАНА КЕНТ КӨШЕЛЕРІНІҢ БІРІНЕ ҚОҚЫС ЖӘШІГІ ҚОЙЫЛДЫ.
Көше бойымен жүріп, бір сәтке айналаға зер салып көрелік. Не байқадыңыз? Анау жерде тұрған бүлдіршін шырынның бос құтысын лақтыра салды. Ал оны жетектеген анасы ләм деместен мән бермеді. Құты желмен сүйретіле келесі көшеге барды. Қызу әңгімеге кіріскен бір топ жас жеткіншектің арасынан біреуі сытыла шығып, әлгі құтыны ләңгі тепкендей бір-ақ ұшырды. Иә, бір ғана қоқыстың «тағдыры» осылайша кезекпе-кезек көше кезіп жүре бермек. Сіз білесіз бе, Сингапурде тасталған қоқыс түгілі көшеде тамақтанған адамға 1000 доллар көлемінде айыппұл салынады екен. Тіпті Чехияда тиісті емес жерде сағыз тасталса 2 доллар, Сауд Арабияда темекі тұқылы үшін 55 доллар, көшеде түкіргені үшін 27 доллар айып төлейді. Ал біздегі айыппұл қанша? Айып демекші, әр көшенің қиылысынан «қоқыс тастауға болмайды, айыппұл 22 690 теңге» деген тақтайша орналасқан. Бірақ оны елеп жатқан адам жоқ. Бар қоқысын қорасынан алады, сүйретіп оны осы жерге қояды. Бірінен соң бірі тастайды қап-қап қылып әкеліп, ал ол ертеңіне жатады жерде төселіп. Енді кінәні кімге артамыз? Бұған да тосқауыл болар күн келді. Себебі аудан орталығындағы көшелерге қоқыс жәшігі қойылды. Жәшіктер аттап басқан сайын көше бойына тізбектей орналасқан.
– Ауыл айнасы – көше тазалығы­нан көрінеді. Ал кент көшелерін таза ұстау, оны көріктендіру жұмысы әр сенбіде жүргізілуде. Әсіресе, Абай мен Рысқұлов көшесінің бойына қоқыс тастайтын арнайы жәшіктер қою ісі қолға алынып, биыл 100 қоқыс жәшігі орнатылды. Бұл жә­шіктер үшін қаржы Жосалы кенті әкімшілігінің бюджетінен бөлінді, – дейді Жосалы кенті әкімінің орынбасары Бақытбек Омарұлы.
Иә, тазалығы табалдырығынан басталған қазекемнің қоқысты қо­ғамнан арылатын кезі келді. Тек қолдағы қоқысын арнайы жәшікке салуға бейімделсе болғаны.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».

03 мамыр 2019 ж. 2 054 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 043

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031