» » Отты жігіт

Отты жігіт

Қазір немқұрайлық көбейіп кеткендей. Оның арты сұраншақтық, жал­қау­лыққа жеткізеді. Сосын еріншек­тікке әкеледі. Ал еріншектіктен масылдыққа жету – әп сәтте. Қоқыс төгіп келгенді ауыр жұмыс санайтын жағдайға жеткендер бар. Оны қойшы, жасы отыздан асса да әке-шешесінің мойнына отырғандарды қайтерсіз?! Сонда еңбектену қайда қалады? Біз жазғалы отырған жан небәрі 17 жасында кәсіпкер атанған. Жас балаға оңайға соқты дейсіз бе?
Жаңабай Сақтағанұлы – 20 жаста. Өзінің айтуынша, жұмыс істемеген жері қалмаған. Күніне 2-3 жерде қызмет етіп, нәпақасын табады. Жаз басталысымен қаладағы орталық саябақта балаларды ойнатады. Жан-жақты зер салып, ненің қалай жүзеге асатынын зерттей бастайды. Алғашында шар сатады. Одан соң ойыншықтар сатып, саябақтағы бір дүңгіршекті жалға алады. Әлеуметтік бағдарламаға қатысып, аниматорлық кәсібін жүзеге асырады. Бірақ талапты жас мұнымен шектелмейді. Қосымша «Fire» шоу жасауды үйренеді. Өзгеден емес, ғаламтордан. «Fire» шоу – отпен өнер көрсету. Бастапқыда қиындық пен қорқыныш болғанымен қазір тәжірибелі шоумен.
– Бұл фокусты үйренген соң достарымның арасында көрсете бастадым. Өзім де бір кәсіпке қарап, тапсырыс күтіп босқа отырмайын деп қосымша осы шоумен өнер көрсетемін. Азанда әдеттегіше сабағыма барамын. Түскі 13.00-де аниматор болып, балаларға көңіл-күй сыйлаймыз. Түнгі 23.00-де түнгі клубтарға барып отпен шоу көрсетемін. «Электрик» мамандығын бітірген дипломым сандықта жатыр. Жаным қаламаған мамандықты таңдағаныма өкінбеймін де. Дипломның артықтығы жоқ. Жаспыз ғой, жағдайды осы бастан жасау керек. Арманым – білікті журналист болу. Сол үшін қазір «Болашақ» университетінде білім алудамын, – дейді біздің болашақ әріптесіміз.
Жаңабайдың отпен көрсеткен шоуы талайының таңдайын қақтырғаны сөзсіз. Оны әлеуметтік желіде тараған бейнеролигінен байқауға болады. Бастапқыда отпен ойнаймын деп қасы күйді. Қолы жанды. Бірақ қорқынышын артқа тастап, жігерін жанымады. Тәжірибе жинады. Өнер көрсетті. Бір емес, бірнеше кәсіпті қолға алған жастың алға қойған мақсаты мұнымен бітпек емес.
Абайға жиі жүгінген жөн. «Қазақ­тың жаманшылыққа үйір бола бере­тұ­ғынының бір себебі – жұмысының жоқтығы. Егер егін салса, иә саудаға салынса, қолы тиер ме еді?»... деп тереңнен толғайды һәкім. Жаңабай да жаңа заманның талабын түсінген жігіт. Еңбектену, елге қызмет  ету – оның басты ұстанымы. Бастысы масылдықтан арылып, еңбекқор болғанымызда ғана ел еңсесі биіктейтінін ұмытпайық.

Айнұр ӘЛИ
07 ақпан 2020 ж. 815 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 376
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 149

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930