» » Жастар қайда дем алады?

Жастар қайда дем алады?

Кәсіп бастаймын дегенге Жосалыда ашатын сан түрлі нысан бар. Әлбетте, ол үшін ерлік қылудың қажеті шамалы. Тәуекелдің жел қайығына мініп, ескекті есіп кете барса болғаны... Егер де мен кәсіп ашуға бел бусам, аудан орталығынан тәулік бойы жұмыс істейтін дүкеннен бастар едім. Жарқыратып шамдарын, біртіндеп өтеп қалғанын, талай жұрттың орындар едім арманын. Рас қой. Әйткенмен, жастарға арналған жастар саябағынан өзге түк жоқ. Мойындаңызшы. «Жастар қайда дем алады» деген сауал тосыннан қойылса, қалай жауап берер едіңіз?
Кент орталығын аралап, біршама жер жаяу жүріп келемін. Қазір әлдебір облыстан келген жас менен «Жастарға арналған сауықтыру, ойын-сауық орталығы бар ма» деп сұраса жауабым қандай болмақ?! Санам санға, ойым онға бөлінді. Кешкілік тойхана бар дегеннен асып кете алмайсың.
– Жабық орналасқан аквапарк болса... Каток тебетін орталық. Қысы-жазы жұмыс істейтін бассейн. Міне, жастарға осындай орталықтар керек. Бос уақытын тиімді өткізер еді. Шынығар еді. Тым құрыса, Алматыдағыдай ролик тебетін клуб болса ғой. Бізде салатынымыз тек кафе, ресторан, дүкен ғана. Одан аса алмай жатырмыз, – деді аудан тұрғыны Райхан Мысаева.
Айтса, айтқандай-ақ, біздегі кәсіп деген түсініктің аумағында осы дүниелер ойып тұрып орын алған. Елбасы айтпақшы, көлік мінсе, джип, үй салса, коттедж. Сосын көлік пен үйдің салығын төлей алмай, ғимаратты жалға алатын балабақша іздеп жүреміз. Ақиқаты – осы. Жастарға арналған орталықтардың болмауы салдарынан бос уақыттың пайдасын емес, зиянын тартамыз. Ұрлық-қарлық, бұзақылық дегеніңіз һакім Абайша айтқанда, жұмысы жоқтық пен тамағы тоқтық аздырмай ма?!
– Жастар келеді, барып, көңіл аулайтын орталық жоқ. Оларды қызықтырар дүние болмаған соң, арақ ішеді, төбелеседі, ұрлық жасайды. Сосын біз олардың себебімен емес салдарымен күрескендей болып отырамыз. Жастарды еңбексүйгіштікке баулу керек, оған қоса оларға жағдай жасау ләзім, – деді кәсіпкер Алтынбек Демесінов.
Іргедегі Қазалы ауданын мысалға алыңыз. Әйтеке би кентінде жастарға арналған ойын-сауық орталығы, кинотеатр да бар. Аудан орталығы емес, құдды бір облыс орталығы тәрізді. Бізде неге солай етпеске?! Ойланарлық жағда       й. Шынтуайтына келсек, тіпті киім алу үшін де облыс орталығына ат арытып барады мұндағы жұртшылық. Өйткені, ойдағы дүниені табу, талғамға жауап беру қиын.
Тұрғындарды қажеттіліктерімен қамтамасыз ететін орталықтың маңызы зор. Ол біріншіден, ауданның бюджетіне түсімнің көбеюіне әкеледі. Яғни, осы күні аудан тұрғындары тапқан-таянғандарын облыс орталығына барып, құйып келіп жатыр. Сондықтан, бұл жай ғана мәселе емес, бойлай білсеңіз, сонау тереңге тартқан түйткіл.
Түйін
Бірді айтып, екіге кетеміз. Қала іргесіндегі елді мекендер аумағынан жалға көл алғандар қазір кәсіп ашып дүркіретіп отыр. Ал біз жастар суға кетіп жатыр деп дүрлігеміз. Бала күнімізде дала кезіп, көлге шомылып, өзеннен балық аулап өскен ауыл баласы едік. Ал қазір өзен-көлге шомылуға тыйым саламыз, шомылатын бассейн салып беруге тағы құлықсызбыз. Сол бассейннің табыс көзі екеніне мән бергісі келмеген кәсіпкер «көкелер» бұл істен біреуге тегін беретіндей қашады. Өйткені, біз тойхана ашқанды ұнатамыз. Сосын қаңыраған ғимараттың жұмысын өзіміз жүргізе алмаған соң ағайынға жалға береміз, кейін оны сата алмай, малға береміз. Түптеп келгенде, басымызды қасып, жанарымызбен жер шұқитын да өзіміз. Онан да жастарға керектіні салып, сұранысқа сай тірлік қылайық, ағайын!
Дәулет ҚЫРДАН,
«Қармақшы таңы».
15 маусым 2018 ж. 1 260 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 083

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031