» » Ауыл жастарымен жүздесті

Ауыл жастарымен жүздесті

Ауданда жастар ұйымдары жастармен кездесуді дағдыға айналдырған. Өйткені, жастар саясаты – мемлекеттің келешегін кемел етіп, қазығын нығайтуда басты маңызға ие. «Қорқыт елі-Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі Алдашбай ахун, Т.Көмекбаев және Қуаңдария ауылдарының жастарымен жүздесті. 
Шара барысында Елбасы Жолдауындағы басым бес бағытқа және қоғамның өзекті тақырыбы жастардың діни көзқарасы турасында біршама тақырыптар тілге тиек болды. Оған қоса, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар да насихатталып, жастар өздеріне қажетті біршама мағлұматтарға қанықты.
– Қазір біз қай кездесуде болмасын жастарға мемлекеттік бағдарламалар жайын таныстырамыз. Қолдаудың қаншалықты екенін көрсін, сезінсін деген мақсат бізде. Ал дін турасына келсек, арнайы маманды қасымызға ертіп, олардың жат ағымға еніп кетпеу керегін ұғындырамыз. Қазір мұндай жұмыстар тек науқандық емес, үздіксіз жүретін процеске айналу керек. Біз осы мақсатта жұмыс істейміз, – деді «Қорқыт елі-Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ақтолқын Нұрмағамбетова.
Дәулет Қырдан.
05 маусым 2018 ж. 1 515 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930