» » Балалардың қуанышына бөлену – ол үшін дәстүрге айналған

Балалардың қуанышына бөлену – ол үшін дәстүрге айналған

– Бұл мереке жылдар бойы біздің санамызға әбден орнығып қалды. Сондықтан жаңа жылды ескермеу мүмкін емес. Уақыт өткен сайын оны тойлау барысындағы бұрынғы үрдістерден арылып, қазақыланып келеміз. Қыстыгүні қат болса да, дастарханнан қымыз-шұбат, бауырсақ, құрт тәрізді ұлттық ас мәзірі табылады. Қазан көтеріп, сүрленген ет асып, қазы-қарта, жал-жая қою ежелгі дәстүріміз ғой, – дейді жомарт жүректі кәсіпкер Рабиға Балғабаева. Кәсіп бастағанына 20 жыл толған мерекені ескерусіз қалдырмаған кәсіпкер ұжымымен бірге  жаңа жылдық кешті есте қаларлықтай етіп ұйымдастырды. 
Кәсіпкер ананың жыл соңында істеген жұмысына есеп беріп, мамандарын марапаттауды дәстүрге айналдырғанын жақсы білеміз. Қазақы дәстүр демекші, бұл жолғы марапаты мен сыйлығының жөні бөлек. Үздіктердің иығына шапан жауып, самаурын сыйға тартты. Кеште ісі мен тірлігі тындырымды Балхия Оңғайбаеваны «Жетекші маман», Гүлмира Кенішбаеваны «Жыл үздігі», Жұмагүл Шатанованы «Үздік нан пісіруші», Сәуле Жақатова мен Жалғас Сайлаубаевты «Үздік көмекші», Нұрсұлтан Болатовты «Үздік ұйымдастырушы» номинациясына лайық деп таныса,  Ақжанат Тәженова, Ғалия Нұржанова, Тынымкүл Елемесованы мақтау қағазы, бағалы  сыйлықпен марапаттады. Жұртшылықтың ақжарма тілек тілеп, жылға қорытынды жасайтын мерекесінде көңілді басқосу ұйымдастырған кәсіпкерге қызметкерлері риясыз алғысын жеткізіп жатты.
Бүгінде Рабиға Балғабаеваның  азық-түлік, киім-кешек, тұрмысқа қажетті шаруашылық заттарын сататын дүкені мен наубайханасы халыққа сапалы қызмет көрсетуде. Кәсібін күннен күнге көркейтіп келе жатқан табанды жанның алға қойған жоспары әлі көп. Қуат берсін дейміз бізде қамшылап. 20-дан аса адамды жұмыспен қамтыған ол жасаған қайырымдылығын айтуды жөн санамайды. Десе де жаңа жыл қарсаңында «Аяз атадан» мол сыйлық күткен балалардың қуанышына бөлену – ол үшін дәстүрге айналған.
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ
Қазбек ЖАУЛЫБАЙҰЛЫ (сурет
06 қаңтар 2020 ж. 889 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031