» » Димаш Құдайберген Джеки Чанға екінші рет шапан жапты

Димаш Құдайберген Джеки Чанға екінші рет шапан жапты

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әйгілі актер Джеки Чанның жаңа үнтаспасының тұсаукесеріне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты кеште Димаш Джеки Чанға кезекті рет қазақтың ұлттық киімін сыйға тартты.

«Бала кезден сүйіп өскен актерім маған әрдайым көріскенде батасын беріп, жол сілтеуден тайынбайды. Бүгін ағамыздың жаңа үнтаспасының тұсаукесерінде болдым. Қолымда Джеки ағаның берген сыйлығы. Дәстүріміз бойынша қазақстандық заманауи шапанды кигіздім», - деп жазды Димаш әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Өз кезегінде Джеки Чан қазақстандық әншіге «I am me» деген жазуы бар қалың жейдені сыйға тартты. Димаш аңызға айналған актердің қарапайымдылығына тәнті екенін жеткізді.

«Көңіліңізге, пейіліңізге үлкен рахмет. Күллі әлемді аузына қаратқан кісінің осыншама қарапайым болып жүргені қатты қуантады. Ұзақ ғұмыр тілеймін», - деп жазды Димаш.

Әншінің жанкүйерлері бұл оқиғаны «Қос аңыздың кездесуі» деп бағалады.

Еске сала кетсек, Димаш Құдайберген мен Джеки Чан 2017 жылдың ақпан айында алғаш рет жүздескен болатын. Бұл уақытта Димаш Қытайда Singer-2017 ән байқауына қатысты. Кездесуде актер Димашқа өзінің эксклюзивті күртесі мен арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты. Ал Димаш актерге қазақтың шапанын жауып, домбыра сыйлады.

21 желтоқсан 2018 ж. 1 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031