» » Еңбек еткен ер жомарт

Еңбек еткен ер жомарт

Береке мен байлық ел ынтымағы мен тоқтаусыз еткен еңбектен бастау алады. Дана халқымыз «Жер жомарт, жерге сенген ел жомарт, еңбек еткен ер жомарт» деп еңбеккерлерді әрдайым жоғары бағалаған. Сәулелі сәуір айынан бастап сарғайған күзге дейін маңдай терін сыпырып, аптапқа күйіп, аянбай атқарған талай жұмыстың сарапқа алынар сәті де келеді. Осы сәт барлық егіншіге үлкен үміт арқалатары анық. Атақты күрішші Ыбырай Жақаев «Егінді өсіре білу – алғашқы асу ғана. Ал ысырапсыз жинап алу – мәре» деген.
Тұрмағамбеттік диқандар бұл мәреге үлкен сеніммен жетті. Күміс дәнін күнге сүйдіріп, ырзығын ысырапсыз жинаған бейнеткер қауым күріш өсіруден аудан бойынша І орын, облыс бойынша ІІІ орынға ие болды. Еңбектің даңқын асырған егінші жұрт бүгінгі заман талабына сай мықты әрі тиімді шаруаны жүргізіп, жоғары белесті бағындырудың үлгісін көрсетті. Егін науқанын ерен аяқтап, толағай табысқа жеткен дала диқандары бұл жетістігін жоғары дәрежеде атап өтті. Мұндай дүбірлі шараға аудан әкімі де арнайылап ат басын тіреді.
Еңбекші елдің мерекесі жаңадан ашылған «Сәлима ана» балабақшасынан басталды. Жанар Байназарқызы жетекшілік ететін бұл балабақша 100 бүлдіршінге арналған. Мекеме бөлмелері барлық стандартқа сай жылы, кең әрі жарық. Балғындардың алаңсыз ойнап, білім алуына толық жағдай жасалған. Үлкеннен бата алмай іс бастамайтын қанға сіңген әдетпен Социалистік Еңбек Ері Сәлима анадан бата алып, бүлдіршіндер жырдан шашу шашты. Былдырлаған тәтті тілдерімен тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, елге бақыт тілеген бүлдіршіндер баршаны сүйсінтті. Аудан әкімі Мұса Қалдарбеков балабақша жұмысына сәттілік тілеп, балғындарға ойыншық тарту етті. Мерейлі той одан әрі Қ.Бүрлібаев атындағы ауылдық клуб үйінде жалғасын тапты.
Өнерпаз жас буын өкілдері домбыра күмбірімен көпшілікті қарсы алды. Ал өрендер Тұрмағамбет жыраудың термесін қос пернеден төгілткенде нағыз шайырлардың ұрпағы екенін дәлелдеп бергендей. Мерекелік шараны аудан басшысы М.Оспанұлы ашып, еңбеккерлердің елеулі еңбегіне, шаруашылық төрағасына алғысын білдірді. Бірқатар озат қызметкерді марапаттады. Бұл жолғы марапаттың жөні бөлек. Өзінің адал еңбегінің арқасында Аманқос Әбенұлы мен Серік Жиенәліұлына облыс орталығынан тұрғын үй тарту етілсе, Нұрболат Саудабекұлы мен Дәулет Әлібекұлы ауыл орталығынан тұрғын үйдің кілтіне ие болды. Ал Премраз Өмірзақұлы ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды. Сонымен қатар Мұрат Қожабаев пен Аслан Берманов 1 миллион теңгелі болса, Ақылбек Күлбарақов, Наурызбек Бітімбеков, Ерболат Икрамов 700 000 теңгелік сертификат иеленді.
Егіні бітік шығып, ел мерейін асырған мерейлі тойда ешкім ұмыт қалған жоқ. Білікті басшы, аудандық мәслихаттың депутаты Нұржан Пірмантаев аз қамтылған отбасыларға да сыйлық жасады. Төрт отбасыны теледидармен қуантса, бір отбасыға киім-кешек сыйлады. Үлкенге құрмет көрсетуден жалықпайтын басшы ауыл ақсақалдарына «Сарыағаш сауықтыру шипажайына» жолдама берді. Мұнан бөлек мектеп, кітапхана, клуб үйі, балабақшаға жиһаз бен қажетті техника тарту етілді. Осы ретте №29 мектептің директоры Зарипа Тасымова көпшілік алдында алғаусыз алғысын білдірді.
Жыл бойғы еңбектің жемісін көрген диқандарға деген сый-сияпат мұнымен шектелмек емес. Әр сала бойынша үздіктер мадақталып, «Үлгілі аула» номинациясын иеленгендер де бағалы сыйлыққа лайық деп танылды. Онымен қоса бірқатар сала озаттарына «Тұрмағамбет ауылына 60 жыл» мерекелік медалі табысталды. Мұнан бөлек, еңбек ерлеріне қосымша қаржылай сыйақы берілді. Ел ырысын тасытып, мерейін өсірген мерекелік шара ауыл өнерпаздарының концертіне ұласты.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
31 желтоқсан 2019 ж. 969 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031