Бақыт бесігінде тербелген

– Студент едік. Қыз бен жігіт боп көңіл жарастырып жүрдік. «Бұйырған кетпейді» деген. Ойламаған жерден ауылға келін болдым да шықтым. Сол жылы №183 мектепке орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Көп ұзамай-ақ тұңғышымыз Арайлым дүниеге келді. Ол да мұғалімдік мамандықты таңдады. Қазір тұрмыста, 2 жиеніміз бар. Одан кейінгі ұлымыз Асылхан №250 мектеп-лицейді «Алтын белгімен» бітірді. Еуразия Ұлттық университетінің 4 курсында оқиды. Нұрайым 8 сыныпта. Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек дейді. Мен екі таңдаудан да қателеспедім. Жұбайымның есімін атамаймын. Үйде «әкесі» деп сөйлейміз. Қарты бар үйдің қазынасы бар. Шаңырағымыздың берекесі болып отырған анамыз жақында 90 жасқа толады. Отбасында кикілжің мен түсініспеушіліктің орын алмайтыны – ортамызда ақылшы боп отырған үлкен кісінің арқасы. Анама келіндік қызметімді көрсетуден жаңылған емеспін, – дейді Раушан Шәкиқызы.
Отағасы Мұрат Асанұлы №121 мектепте еңбек етсе, отанасы №250 мектеп-лицейде мұғалім.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА