» » Төтелизацияланған мотивация ізімен

Төтелизацияланған мотивация ізімен

3-4 жыл бұрын Қытайдан келген Талғат досым: «Мынау «Іле» баспасынан шыққан» деп бірнеше төте жазумен жазылған кітапты табыстап кетіп еді. Сонда Қытай асып келген жәдігерлер ішінен Дейл Карнегидің (Dale Carnegie) «Адамның әлсіз тұстарымен» алғаш танысқаным...
Ол кезде ауылдағы көне қолжазбаның транскрипциясын жасап жүрген кез. Бір қолда - Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл құралы», бір қолда - 1909 жылы Кәкітай мен Тұрағұл Санк-Петербургте шығарған Абайдың жинағы. Оқи қояйын десең, екеуінің әріптік қолданылу функциясы сәйкес келмей, терлететін мені. Сосын жүргенің, қайсысына болсыарыңды білмей. Арасында ақымақтықпен: «Абайдың кезінде жазба әдебиет те, біркелкі жазу үрдісі де толық қалыптаспаған шақ еді ғой» деп өзіңді жұбатып жүресің, ұялмай...
Сондағы маған таңданыс тудырған төте жазу да, қытайдағы баспахана да емес, аударма ісі мен Дейл Карнегидің өзі болатын.
Аударма дегенде былай. Әлгі Дейл шалдың кітабы ханзушаға дер кезінде аударылған еңбектердің қатарында болғанымен құнды еді. Жалпы "аспан асты елінде" әлемдік ақыл-ой жемісін суымай жатып қытайша сөйлету дағдысында бірізділік қалыптасқан. Университетте жүргенде философ Оңғар Бермаханов бұл тұрғыдағы өзге елдің шеберлігін: «Орыстар асыруы мүмкін, алайда қытайлар жылға жеткізбей ғылымдағы жаңалықтарды тәржімалайды, газеттерге тұрақты жариялайды» деп ұғындырғаны бар. Бұл — дүниенің бір бұрышында кешке ашылған өнертабыс араға күн салып "қысық көздің" газетінде сайрап тұрады деген мағына. Қызығатынмын: «Біз қашан сол күнге жетеміз?!» деп. Просто бар ғой, таңғы аста бақа-шаян жеп, асықпааай газетін оқып отырған қытайды елестестетіңізші, ішің күйеді ше... Алғашқы ерекшелік осы еді.
Екінші таңданыс — Дейлдің өзі. Мен үшін «Адамның әлсіз тұстары» мотивациялық рухтағы кітап болғаныменен, ой ағымы бөлек, сөз қолданысы қызықты шығарма қатарында есте қалды. Психологиялық дүниетанымы мен мотивациялық ұстанымы салмақты болғаны үшін құрмет тұттым. Алғаш оқыған аударманың өзінде шеттегі қазақтың сөз ойнату, сөйлем құрау, ойды жеткізу тәсілдері өзгеше екені байқалатын. (Сондықтан болар, қытайда басылған шығармалардың тілдік құрылымының өзі бір әлем саналатыны).
Бүгінде ғаламдағы осы мазмұндас балама кітаптардың көбін естідік, азын оқыдық. Сондағысы фольклор тұрмақ, өткен ғасырдағы ақылды қазақтың бір сөйлеміне татымайды. Босқа көңілің май ішкендей болады. Қазақтілді контентте солай.
Соңғы уақытта айналаны айқай-сүреңге толтырып, «Өзіңді оят», «Екінші болма» деген тақырыптағы тренинг, кітаптар қаптап, елдің бәрі сетевой книжный маркетингке қосылып кеткендей әсер қалдырып жүрді ғой. 
Сондайда, «Осылар не айтады екен? » деп баруға не кітабын сатып алуға ақшаңды қимағасын шәкірттерінен сұрай салдым, не үйренгенін. Ақұдай, олар болса дүниенің ілімін тауысқан жандай көсемсіп, сөз бермеді. 
Кәсіптік қағидалар, алға ұмтылу (стимул), трендте болу туралы 5-6 сөйлем жаттап алып, жаңылмай қайталайды келіп. Түйгендері де - сол жоба. Тыңдап болып: «Е, "еріп үргеннің" кері екен» деп қайтасың үйге. 
Сосын барып, тренинг көрмеген оңбаған болған соң, ойлайсың ғой: «өзі өркениеттің соңғы есегіне әзер мінгесіп келе жатқанын сезбейтін сорлыларды жаяу-жалпы шыбықпен сабайтын молдаларының болғаны да дұрыс-ау» деп. Аяныш тудырады. 
Бұлардың қасында Дейл данышпан кезінде бізге ілтипатты кісі болған екен, жарықтық. Берген мотивациясында барынша гуманистік ұстаным мен кішіпейілділікке, істің мәніне баруға үндейтін. Мысалында ғибрат, аузында ұлылар еді)...
Объективті көзқарас өліп кетпес үшін айтайық: Әспеттеп отырған Дейлдің өзі жалғыздықта көз жұмған. Демек, әдемі сөз әрқашан тағдырға айнала бермейді. Ал, мотивацияның маңызы— мыңдаған адамның қателігінен сабақ алу. Сол ғана. Сондықтан, бәрін салқынқандылықпен, ақылмен таразылаған пайдалы. Әркімнің өз еркі не оқимын, кімді тыңдаймын десе. Тек, алған білім, естіген ақыл өз құнын ақтауы керегін ұмытпаған жөн. Әйтпесе, біздікі сол баяғы "ішің күйеді ғой".
P. S. Айтпақшы, сөзінің соңында Дейл шал мотивация іздегердерге "оянғанда екінші болып қалмасын" деген ниетпен көсіліп барып бір тоқтап, былай депті ғой, шіркінің: 
ٴوزىڭرى قاتە تۇسىنگەن، رەنجىتكەن ادامداردى كەشىرۋدىڭ، ەلەمەۋدىڭ ەڭ جاقسى ٴادىس —قابىلەتىڭنىڭ قارىمىن سىنعا سالاتىن ىسپەن اينالىسۋ.

Ерсін ШАМШАДИН



11 желтоқсан 2019 ж. 803 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031