» » ӨРТТЕН АМАН ҚАЛҒАН ҚҰРАН КІТАБЫ КӨРСЕТІЛДІ

ӨРТТЕН АМАН ҚАЛҒАН ҚҰРАН КІТАБЫ КӨРСЕТІЛДІ

   Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өткеннің қазынасы - болашаққа» атты шара өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жұртшылық назарына тұңғыш рет Ертіс өңірінің сакралды географиясы картасына зираты енгізілген Качир ауданының тумасы Сайділда қажы (Шайдолла) Түйтібекұлының жеке заттары көрсетілді. Оның ішінде қолжазбалар, Құран кітабы мен тақиясы  бар
Әдебиет бөлімінің меңгерушісі Ербол Қайыров жеті жылдан бері ел аралап, Сайділда  қажының өмірін зерттеумен айналысуды қолға алған.   - Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Омбы мұражайлары және Уфа қаласындағы Ғалия медресесімен хат алмасудамыз, - дейді бөлім меңгерушісі. - Бүгінде ол кісінің 16 беттен тұратын шағатай тіліндегі қолжазбасы табылып отыр. Өкінішке орай, елімізде шағатай тілінде оқитын адамдар жоқ. Сондықтан Ғылым министрлігінің шығыстану институтына жіберіліп, төрт беті ғана оқылған. Өз қолжазбасында «11 айдың 2-сінде ниет еттім. Халқым - барым, дінім - Алладан» деп жазған екен. Көбінесе уағыздар мен дінді халыққа жеткізу,  ауру-сырқаттан арылтатын аяттар туралы жазылған.
 Ербол Қайыровтың айтуынша, бүгінгі көрмеге Шайдолла Түйтібекұлының Әбілқасан Жеңіс деген азамат сақтап келген Құран кітабы қойылған.  Ел аузынан тараған  деректер бойынша кезінде мешіт пен медресе салған кезде шыққан  өрттен  Құран  кітабы аман қалған. Өзі тұрғызған медреседе Новосібір және Омбы аймақтарынан, Ертістің арғы-бергі жағынан келген балалар білім  алған. Өкінішке орай, Кеңес үкіметі орнаған кезде мешіт пен медресе бұзылған. Мешіттің едені мен басқа да материалдарынан көрші орыс ауылдарында мектеп салған. Алайда сол мектеп көпке ұзамай отқа оранған.
Ел арасында қалған аңыздарға сүйенсек, көне шағатай тілінде жазылған қолжазбалардың көбі өзімен бірге жерленген, бірқатары жиендерінде сақталған. Сайілда (Шайдолла) Түйтібекұлы 1874 жылы дүниеге келген. 1908-1909 жылдары қажылыққа барған. 1926 жылы мешіт бұзылғаннан кейін көпке бармай дүниеден озған.   - Ол адамның өмірі көпшілік үшін аңыз тәрізді, - дейді Ербол Қайыров. - Басында түнеп жүрген кезде ем қонған адамдар таң атып келе жатқан сәтте ақ киімді адамды көріп, бата алған. Бұл да Алланың берген сыйы болар. Кеңес үкіметі кезінде жер барлау жұмыстары жүргізіліп, ұшақтармен ұшып жүрген.  Павлодар облысында екі жерден ұшақ ұшып бара жатқан кезде радарлары өшіп қалып отырған. Сол жерлердің бірі - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының, екіншісі - Сайділда қажының жатқан жерлері болса керек.  Бұл - жаңа есім. Болашақта зерттеу жұмыстары  жалғасын табады.    Басты мақсат - осы адамның еңбектерін жарыққа шығара отырып,  дініміз бен мәдениетіміз арқылы бүгінгі ұрпақты тәрбиелеу, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру.
Жетекші кентінің тұрғыны, зейнеткер Қонысбай Жүнісов Сайділда қажының кесенесін тұрғызу жұмыстары үш жылдан бері жүзеге аспай келе  жатқанын атап өтті. Качир ауданы Трофимовка ауылының дәл ортасында Карасук бөлімшесіне өтетін жолдан сол жағына қарай медресенің орны мен мешіт орналасқан. Осы жерге үш  жарым шақырым жол салып, кесене тұрғызу  жоспарда бар.   - Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес алты миллион теңгедей қаражат қажет, - дейді Қонысбай Жүнісов.  Сайділда қажының ұл баласы болмаған. Бала кезінен өте зерек  болып өскен. Қыз баладан тараған жиендерінің бірі - бүгінде Баянауыл ауданының әкімі Оразгелді Қайыргелдинов.  Есейген соң өмір бойы халық ағарту ісімен айналысқан. Уфада Ғалия медресесін бітірген.  Болашақты болжап білген көріпкелдік қасиетімен танылған.

05 сәуір 2018 ж. 975 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 105

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930