» » Желілік билет қолжетімді ме?

Желілік билет қолжетімді ме?

Әлі күнге дейін ұзын-сонар кезекте уақыт өткізіп, жол жүру билетін алудың машақатын көріп жүрсіз бе? Әлде оны электронды түрде алуға көштіңіз бе? Сол электронды жүйедегі билеттің тиімділігі қандай?
Алыс жолға шығар кезде теміржол немесе әуе билетін алу қажет болады. Қазіргі таңда вокзал немесе аэропорт кассаларында билетке кезекте тұрған жандардың саны едәуір азайған. Мұның себебі – билетті ғаламтор арқылы электронды жүйеде сатып алу. Иә, заманның алға жылжуынан техника мен біліктілік қарыштап дамуда. Көп істі қалта телефоныңыз немесе компьютер жүйесінің көмегімен-ақ тындыруға болады. Бұл «заман жаңалықтарымен» электронды кезекке тұрып, несиені төлеп және билетті де сатып аласыз.

Иә, соңғы уақытта авиа және теміржол билеттерін сатумен айналысатын интернет кассалар саны күрт көбейді. Желілік кассаны қолданушының да саны артуда. Вокзал мен билет сату мекемесінің табалдырығын тоздырмай, керек күніңіздің ыңғайына қарай бос орын қараумен қоса дәл сол желіде жол жүру құжатын заңды түрде рәсімдеп алуға мүмкіндік бар.

– Соңғы рет вокзалдан билет алған күнім нақты есімде жоқ. Қазір бәрі дамыған. Интернет арқылы керек билетті рәсімдеп алуға болады. Бұл сайттарда таңдау мүмкіндігі көп, кейде тіпті түрлі жеңілдіктер болып тұрады. Ертерек сатып алсаңыз құны арзанырақ, – дейді Айжан Ертілеуова атты тұрғын.

Расымен, билетті электронды жүйеде сатып алуды қолданушының саны аз деуге келмейді. Бұл жүйе қолданысқа енгелі бері біраз адамның қолы ұзарып, уақытын тиімді пайдаланып жүр. Жол жүру билеттері автоматтандырылған және жаңа жүйеге көшкелі жемқорлықтың алдын алуға пайдасы тимек. Мәселен, бұрын билетті алдын ала сатып алып, сомасын бірнеше есеге қымбаттатып сататын алып-сатарлардың бұл күнде қарасы сиреген.

Алайда электронды билеттің қателіктері мен күрделі де мәселесі жоқ емес. Егер жол жүру аяқ асты кейінге шегерілгенде билетті оп-оңай вокзал кассасына тапсырып, ақшамызды қайтарып алушы едік. Ал бұл жүйеде билетті қайтару оңайға түспейді. Ең алдымен жинайтын құжаттары бар, содан кейін ақшаңызды қайтарып алу үшін де біраз уақыт кетеді. Сол себептен билеттерді «Қазақстан теміржолы» АҚ-ның ресми сайтынан алған жөн. Ал ғаламтордың сыры мен қырын жетік меңгермеген жанға бұл жүйе оңай тимесі анық.

P.S. Электронды жүйедегі жол жүру құжатының тиімділігі мен қиындығы аз емес. Бастысы құраушылар – қателікті түзетіп, қолданушылар – қолдау білдірген жөн. Сол кезде әлемнің озық отыз мемлекетінің қатарынан көрінетініміз айқын.

Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ
04 желтоқсан 2019 ж. 896 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031