» » Елімізде «электронды үй кітапшасы» қолданысқа енді

Елімізде «электронды үй кітапшасы» қолданысқа енді

ІІМ, Әділет, Ақпарат және коммуникациялар министрліктері «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясымен бірлесіп, қазан айынан бастап «электронды үй кітапшасын» қолданысқа енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүкіләлемдік банк: Қазақстан Doing business рейтингінде қалай көтерілді Екі жылда мемқызметтердің 90 пайызы электронды форматқа ауысады Мемлекеттік қызметтерді видеоқоңырау арқылы алуға болады Әрбір азамат тіркелгені туралы мәліметтерді, ал тұрғын үй иесі өз мекенжайында тіркелген барлық адамдар туралы ақпаратты ХҚКО немесе «электронды үкімет» веб-порталы арқылы ала алады. Портал арқылы мәліметтер алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба керек. Немесе бір реттік парольдің көмегімен қол қойылған электрондық сұрау жіберуге болады. Егер ұялы телефонның нөмірі Азаматтардың мобильді базасында тіркелсе, «электронды үкімет» порталының есептік жазбасына сұрау салу қажет. Сонымен бірге, «электронды үй кітапшасында» нақты жылжымайтын мүлік объектісінде тіркелген адамдар туралы мәлімет мекенжайды тіркеу кодының деректері болған жағдайда беріледі. «Қазіргі уақытта ІІМ мекенжайды тіркеу кодын автоматты түрде енгізу бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр. Бүгінгі күні халықтың 50%-дан астамының мекенжай мәліметтеріне мекенжайды тіркеу коды енгізілді. Бұл жұмыс жыл соңына дейін аяқталады» делінген ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Автоматтандырылған мекенжайды тіркеу кодын енгізу барысында сәйкессіздіктер немесе дұрыс емес мекенжай мәліметтері анықталған кезде азаматтарға мекенжай деректерін түзету үшін ХҚКО-ға жүгіну қажет.
іnform.kz
07 қараша 2018 ж. 1 233 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031