» » Үнемді уақыт һәм электронды жүйе

Үнемді уақыт һәм электронды жүйе

Бірде «В Контакте» әлеуметтік желісіндегі жарнамаға көзім түсті. Онда электронды үкіметтің тобына тіркеліп, қажет құжатқа қол жеткізуге болатынын жазған. Ойланбастан eGov.kz веб-порталының желідегі парақшасына тіркелдім. Қойған сауалға қызметкер емес, автоматты түрде бот жауап берді. Мұнда қызметтер тізімінен керегіңді таңдап, анықтаманың электронды нұсқасын алуға болады. Кезек те күтпейсіз, уақыт та үнемді.
Уақыт ағынымен жылжыған сайын технологиямен қарым-қатынас жасайтын ақпараттық дәуірге қол жеткіздік. Жалпы Электрондық Үкіметтің қызмет ету тетігі – ақпараттық технологияны кеңінен қолдануға негізделген. Жылдам әрі сапалы қызмет көрсетуге бағытталған. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында бүгінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Халық сұранысын орындауда қазір мемлекеттік қызмет түрі электронды жүйеге көшіріліп, тиімділігі артқан. Әрине, әр саладағы мемлекеттік қызметті цифрлы форматта алу үшін тұрғындар оның жолын білгені дұрыс. Мәселен Электрондық Үкіметтің көмегімен анықтама алу, баланың тууын тіркеу, коммерциялық қызмет көмегі, өтініш беру мен лицензия алу, мемлекеттік органдардың басшысына блог арқылы тікелей хабарласу секілді қызмет түрін қолдануға болады.
Бұл бағдарлама қай салада болса да өзінің оң нәтижесін бере бастады. Дегенмен жүйенің қызмет көрсету тетігін жете түсіне бермейтін қарапайым азаматтар әлі де құзырлы органдардың есігін тоздырып, ұзын-сонар кезекте жүр. Сол үшін мемлекеттік қызметті үйден шықпай-ақ, портал арқылы алуға болатынын түсінетін кез келді.
Веб-портал проактивті мемлекет құрудағы Қазақстанның алғашқы қадамының бірі. Одан бөлек мемлекеттік қызметкерлер арасында ақпарат алмасуға бағытталған Электронды пошта қолданыста бар. Бұл елде кеңінен тараған электронды қызмет түрі. Хабарлама жіберудің басқа жүйелерден айырмашылығы жолдаған хат әбсәтте адресіне жетеді. Бұл жүйенің қолданыста жүргеніне біршама жыл. Алайда уақыт өте сенімге селкеу түсті. Себебі электронды поштаның қауіпсіздігі бұрынғыдай емес. Бұл – тіркелген аккаунт хакер бұзуда төтеп бере алмайды деген сөз. Басқа қалаларда gmail жүйесі қолданыста кеңірек тараған. Мұндағы тиімділік әлдеқайда қолжетімді. Мәселен әлеуметтік желілерге байланыстырып, аккаунтқа келген хабарлама тізбегін шола аласыз. Әсіресе жұмыс есебін жазарда бір уақытта бірнеше қызметкер бірлесе онлайн жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Ps
Электронды қызмет қай жағынан болмасын халыққа тиімді. Мұның қызметін алған сайын оның қолайлығына көз жетеді. Әрине, әр жылда – әртүрлі жаңалық. Бастысы – көштен қалмау.
Айнұр ӘЛИ
07 қазан 2019 ж. 922 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 041

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031