» » Электронды қызметтер жетілдірілуде

Электронды қызметтер жетілдірілуде

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында соңғы жылдары жүргізілетін реформаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары 53 мемлекеттік қызмет ұсынса, оның ішінде 34 қызмет түрі, яғни 64 проценті электронды түрде қамтамасыз етілген. Мемлекеттік кірістер органдарының «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында электронды түрде көрсетілетін қызметтерін жетілдіру негізінде қызмет көрсету «электронды үкімет» вебпорталы, «Е-лицензиялау», «Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесін және мемлекеттік кірістер органдарының «Салық төлеуші кабинеті», Web-декларант Web-қосымша, шот-фактуралар ақпараттық жүйесі т.б ұсыну арқылы қамтамасыз етіледі.
Салық саласында ақпаратты қоғамға көшу саясатының тиімділігін арттыру ақпараттық коммуникациялық технологияларды тұтынушы тарапынан кеңінен қолдануы арқылы және электрондық қызметтер көрсету бойынша бизнес пен басқа да тұтынушыларға электронды қызметке қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы ғана жетуі мүмкін. Электрондық қызметті пайдаланудың бір артықшылығы қызметті кез келген ыңғайлы жерде және уақытта алу мүмкіндігінде болып отыр.
Ағымдағы жылдағы мемлекеттік қызметті жетілдіру мақсатында мемлекеттік кірістер органдары тарапынан жеке кәсіпкерді жеңілдетілген тәртіппен тіркеуді қамтамасыз ететін мемлекеттік қызмет түрі еңгізілді.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырында қабылданған «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңына сай жеке кәсіпкердің тіркеуі хабарлама арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті қолдану үшін тұтынушы хабарламаны қағаз түрінде өткізсе өтінішке қосымша өткізетін құжаттар тізімі шектелген және заң бойынша мемлекеттік ақпараттық ресурстардағы мәліметтер бойынша құжаттар талап етуге тыйым салынған. Аталған тәртіп жеке кәсіпкерді тіркеуге және олардың қызметін бастауға оң әсерін тигізетіні сөзсіз.
А.ЕРЖАНОВ,
Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының
бөлім басшысы.
01 наурыз 2019 ж. 1 608 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031