» » «Электронды сенімхат» қызметінің тиімділігі қандай?

«Электронды сенімхат» қызметінің тиімділігі қандай?

Елімізде сот жүйесінің ашықтығы мен қол-жетімділігін қамтамасыз ететін, әрі бюджет қаражатын үнемдеуге әсерін тигізетін, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін жаңа электронды ақпараттық қызметтің бірқатар артықшылықтары бар.Азамат, оның өкілі немесе адвокат өзіне қолайлы кез келген уақытта үйінен, кеңсесінен шықпастан, интернет желісі арқылы сот құжаттарымен танысып шығып, істің қаралу деңгейін біліп, сот актісін қағазға басып шығара алады.


Аталған қызмет түрі ЖСН, пароль және логин енгізу арқылы электронды сот құжаттарын қарауға арналған. Ал логин мен пароль туралы сот процесіне қатысушы өзінің электронды мекенжайына немесе ұялы телефонына SMS хабарлама жіберілуі арқылы электронды түрде ақпарат алады. Енді сенімхатты ресімдеу үшін тараптардың өз өкіліне өкілеттік беру үшін нотариусқа баруының қажеті жоқ. Интернет желісіне қолжетімділік пен электрондық-цифрлық қолтаңбасы болса жеткілікті.
Сенімхат қалыптастыру үшін Сот кабинетінде авторизациядан өткеннен кейін «Электрондық сенімхат» бөліміне өту қажет. «Сенімхат» ашылған бетте «Қосу» батырмасын басып, сенімхат нысанын, соның ішінде өкілдің деректерін толтыру қажет. ЖСН арқылы өкілдің жеке деректерін жеке тұлғалардың мемлекеттік базасынан автоматты түрде толтыруға болады.
«Электрондық сенімхат» қызметі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес әзірленген, атап айтқанда бiр адамның (сенiм бiлдiрушiнiң) өз атынан өкiлдiк ету үшiн екiншi адамға (сенiм бiлдiрген) берген жазбаша уәкiлдiгi сенiмхат деп танылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 61-бабының 1-бөліміне сәйкес сенімхатты сенім білдірушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында рәсімдеу көзделген.
Сенім білдірушіге электрондық сенімхат жасау кезінде «Электрондық сенімхат» бөлігінде іске қатысушы тұлғалардың ҚР АПК-нің 46-бабының 1-бөлігінде және 60-бабының 1, 2-бөліктерінде көзделген негізгі құқықтарын тізбе түрінде көрсету мүмкіндігі ұсынылған, бұл сенім білдірушіге нақты азаматтық іске қатысу үшін сенім білдірілген тұлғаға ұсынылатын құқықтар шеңберін дәл анықтауға мүмкіндік береді.
ҚР АПК-нің 58-бабының негізінде сенім білдіруші сенім білдірген өкілге- бірінші сатыдағы сотта мүддесін білдіру; апелляциялық сатыдағы сотта мүддесін білдіру; кассациялық сатыдағы сотта мүддесін білдіру; талап арыз, шағымдар, өтініштер мен арыздар беру және қол қою; талап қоюдан толық немесе ішінара бас тарту; талапты тану; талап қою талаптарының мәнін ұлғайту; талап қою мәнін немесе негізін өзгерту; азаматтық іс материалдарымен танысу, олардан үзінді көшірмелер жасау және көшірмелерін алу; қарсылық білдіру; өтінішті, соның ішінде талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау туралы, дәлелдемелерді қамтамасыз ету бойынша, қосымша дәлелдемелерді талап ету туралы мәлімдеу; сот отырысының хаттамасымен танысу және оған жазбаша ескертпелер беру; сот шешіміне, ұйғарымына және қаулысына шағымдану; бітімгершілік келісім жасау және басқа да құқығын сеніп тапсыруға құқылы. Электрондық сенімхатты бірнеше сенімді өкілге беру көзделген, өйткені бір іс бойынша қатысатын сенімді өкілдер саны заңнамамен шектелмеген. Сонымен қатар іске қатысатын адамдардың өтініші бойынша сот рұқсат еткен, жоғары заң білімі бар басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады.
Электрондық сенімхатты тоқтату Азаматтық кодекстің 170-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Электрондық сенімхат электронды түрде қаралатын бір істің шегінде беріледі, сенімхаттың қолданылу мерзімі сот актісінің заңды күшіне енген және құжаттарды орындауға беру уақытымен шектелген.Осылайша, «Электрондық сенімхат» бөлімінде жоғарыда көрсетілген негіздерді немесе сенім білдіруші берген электрондық сенімхат мерзімі аяқталғанға дейін күшін жоюды санамалай отырып, міндетті тәртіппен «Сенімхат қолданылуын тоқтату» деген кіші бөлім көзделген.
Сот жүйесіне заманауи технологиялардың енгізілуі мен қолданылуы сот өндірісін жеңілдету, бюрократиялық кедергілерді жою, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен тікелей байланысын азайту жолымен сыбайлас жемқорлықтың орын алу ықтималдығын төмендетуге септігін тигізеді және еліміздің тұрғындары үшін сот жүйесінің ашық әрі қолжетімді болуына барынша мүмкіндік туғызады.


Қармақшы аудандық сотының
бас маманы Рахия Шауханбаевна
27 қараша 2019 ж. 982 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930