» » "Ботадағы" бір күн

"Ботадағы" бір күн

Алтын күзде диқан қауым еккен өнімінен жоғары нәтиже көрсетуге тырысса, мерзімді баспасөз үшін де бұл мезгіл жауапты кезең. Себебі жылына екі мәрте «балапан» санайтын редакция ұжымдары халықты басылымға тартуға мүдделі. Сондай сапармен Ақай ауылындағы «Бота» балабақшасында болып, бір күнімен танысып қайттық.
«Бота» ясли-балабақшасы осыдан алты жыл бұрын ел игілігіне берілген. Оның іргетасын кезінде Сәуле Бозымова апайымыз қалапты. Тек өткен жылдан бастап бөбекжай жаңа басшы – Бақыткүл Тілесқызының қолына өткен. Ауладан ішке ене бергенде алдымыздан меңгерушінің өзі күтіп алды. Бізді бұрыннан танитын адамша кеңпейіл көңілмен балабақша тарихымен таныстыра жөнелді.
Бақыткүл Әбдірашованың айтуынша, бүгінде балабақшаның «Сая», «Бота» және «Ғарыш» тобында 60 бала тәрбиеленуде. Сәбилер 3 жас пен 5 жарым жастың аралығында қабылданады. Ұжымда 18 адам жұмыспен қамтылған. Оның 8-і педагог, тәрбиешіні құрайды.
– Алғашында ғимараттың жылуын қатты уайымдаған едім. Бізде білесіз ғой, қыс ұзақ әрі суық. Оның үстіне балабақша болған соң бүлдіршіндер ауырмай, сырқамай, жылы ұяда алаңсыз өсуі керек. Жағдайын жақсылап жасамасақ болмайды. Соған орай жақында 650 мың теңгеге Нұр-Сұлтан қаласынан «ақылды пеш» сатып алып, іске қосудамыз. Өте үнемді. Құдай қаласа, алда игілігін көреміз. Бес қап көмір бес тәулік бойы жанады, – дейді балабақшаның басшысы.
Еңсесі биік, жарық та әсем ғимаратта бүлдіршіндерге барынша жағдай жасалғаны көрініп-ақ тұр. Кіре берістен оңға бұрылғанда ұлттық нақыштағы киіз үй мен басқа да безендірілген халықтық құндылықтар кімнің болмасын назарын өзіне аударады. Мұнан өзге арнайы жабдықталған бөлмелердегі түрлі ойыншық пен электронды тақта, жапсырмалар педагог, тәрбиешілердің шығармашылық ізденісін мен мұндалап көрсетіп тұр.
Әп топтың тәрбиешісі мен тәрбиешінің көмекшісі ата-ана тапсырған баланы тосып алып, киімдерін шкафқа орналастырып жатыр. Таңертеңгі қабылдаудан соң ауылдың кішкентай тұрғындары еліміздің Мемлекеттік әнұранын орындады. Ертеңгілік жаттығуын жасады. Одан әрі саппен аспазшы апайдың дайындаған ең дәмдісін татуға асыға асханаға бет алды.
Реті келгенде ата-анамен сөйлесіп, пікірін тыңдағанды жөн көрдік.
–Екі бірдей немерем осында келеді. Балаға жақсы қарайды. Мұнда әр аптада ата-анаға «Ашық есік күні» белгіленген. Сондықтан бізде бәрі ашық әрі жариялы. Ашық есік күнінде ата-ананың өтініш-тілегі тыңдалады. Ұсынысы айтылады. Іштің жағдайы тексеріледі. Әсіресе, балаға берілетін тамақтың сапасына, көңіл-күйіне, сол секілді бөлменің жылуы мен жатын орынның тазалығына, т.с.с. мән беріледі. Бұл мейілінше мекеме мен ата-ана арасындағы ауызбірлікті нығайтуға сеп болмақ, – дейді еңбек ардагері Алмагүл ?????
Тәрбиешілер әрмен қарай оқу қызметіне қам қылды. Шағын парта мен үстелге жайғасқан бүлдіршіндер сурет салуға, ойын түріндегі амалдар орындауға кірісті. «Баланы жүрегіңмен жақсы көрмесең тәрбиеші бола алмайсың» дейді тәжірибелі маманның бірі Маржан Ерғараева.
–Балабақшада 2013 жылдан бастап қызмет етудемін. Тобымда 20 бала бар. Олардың ата-анасымен тығыз байланыстамыз. Әрбір баланың бойында таланты болады. Соны ашуға тырысамыз. Болашаққа қазақтың нар тұлғасы болып шығуына мүдделі бір мамандық болса, сол бізбіз, – дейді бала бағбаны.
Маржан секілді өз ісінің шебері ұжымда аз емес. Олардың қатарынан тәрбиеші Жадыра Үсенова, тәрбиешінің көмекшісі Айман Жеткербаева, Жанар Қоянбаевалардың есімін құрметпен атауға болады. Әлбетте басшылық мен ата-ананың талғамынан шығып жүрген ұлағат иелері қашан да мадақтауға лайықты.
Былтырдан бері балабақшаға бірқатар жаңалықтар енуде. 2 желдеткіш орнатылып, жаз бойы балалар бассейнге суға шомылды. «Суға түсу – баланың балабақшаға деген қызығушылығын арттырса, аптапты ыстықта сәбиді біршама сергітеді» дейді мұндағылар.
Топта тәрбие жұмысы жүйелі жүргізіліп, бөбектердің пәк күлкісі сыртқа естіледі-ақ. Апайдың биязы үнінен мейірім еседі. Бақшадағы тірлікке сүйсініп жүргенде түстің қалай болғанын аңғармаппыз. Түскі ас мәзірінің иісі мұрын жарады. Сүт пісірім уақытта тамақтанып болған соң балалар жатын бөлмеге еніп, тәрбиешінің көмегімен ұйқыға кірісті.
Айта кетсек, балаға қажетті жабдықпен толығумен қатар, көпбалалы отбасының балаларына қайырымдылық жасау естен шықпаған. Ата-ананың өтінішімен көпбалалы отбасының 3 бүлдіршіні балабақшамен тегін қамтылуда. Мұнан бөлек, ауылдың да қоғамдық өміріне атсалысады.
Бөлмелерді араладық, фотоға түсірдік. Ауладағы ойын алаңын тамашаладық. Сөредегі көріністермен таныстық. Бәрі де ұқыппен, баланың фантазиясымен, ерекше талғаммен жасалған. Осылайша балалар әлеміне біруақ саяхаттадық. Кіршіксіз таза кеңістікте мейірбан жандармен шүйіркелесіп, сыр шерттік. Балалардың шат күлкісіне жансарайымызды толтырдық. Түс ауып, бір-бір үйдің еркесі ата-анасымен қауышып, үйге қайта бастады. Олардың арасында балабақшаның меңгерушісі Бақыткүл Тілесқызының дауысы жарқын-жарқын шығады. Біз де жолға жинала бастадық.

Сәрсенкүл АҚКІСІ
31 қазан 2019 ж. 1 154 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031