» » Тіс емдеу де бір өнер

Тіс емдеу де бір өнер

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының ортасынан есімі өңі­рдегі аға және орта буын өкілі арасында кеңінен танылған алғашқы тіс дәрігерінің бірі – Бекмұрат (Бекен) Нұрпейісов. Сол жылдары қазіргі аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы мен сол маңдағы көпқабатты тұрғын үй ортасында орналасқан шағын тіс емханасында Бекен ағаның қолынан тісін емдетпеген адам кемде-кем.
Содан бері арада қанша жыл өтті. Халқымыз заман талабына сай өмір сүре бастады. «Заманына қарай адамы» дегендей, медициналық техника дамыды. Бүгінде Бекен ағайдың сондағы құрал-сайма­ны­ның орнын заман талабына сай жаңа медициналық жабдықтар то­лықтырды.
Десе де, қазақ халқында «Әкеден ұл туса игі, әке жолын қуса игі» деген дана сөз бар.
Ел-жұрты үшін еселі еңбегімен танылған атпал азаматтың игі ісін жалғастыру саналы өмірін денсаулық сақтау саласына арнап, 10 баланы үкілеп өсірген Батыр ана, ұзақ уақыт «Әжелер» ансамблінің белді мүшесі Айша Бөлекбаеваның кенжесі Темірлан мен келіні Набатқа бұйырды.
Б.Нұрпейісов 2001 жылы «Те­мірлан» жеке тіс емханасын ашып, жұмыс істей бастайды.
– Атам иманжүзді, бастаған ісін нә­тижелі аяқтайтын еді. Бір күні мені жанына шақырып алып: «Балам, саған мен ақыл қосқым келіп отыр. Міне, менің жасым ұлғайды. Қолымнан келгенше ұрпағымның қоғамнан өз орнын табуына еңбек сіңірдім. Ел-жұртыма еңбек етіп, қоғамның дамуына үлес қостым. Тоқ етері, сен осы әулеттегі кіші келінсің. Осы ошақтың отының маздап жануына, әулетіміздің өркендеуіне атсалысуға міндетті адамсың. Сондықтан мен сендерге осы кәсібімді қалдырғым келеді. Тіс емханасын әрі қарай дамытуды сендерге тапсырамын. Сенің ма­мандығың ұстаздық. Дегенмен жақын арада Ақтөбе қаласындағы жоғары медициналық оқу орнына құжат тапсырып, ендігі өміріңді стоматология­мен байланыстырасың» деді. Осы сөзді естіген соң атамның көзінен маған деген сенімін көрдім. Сөйтіп қайынатамның қалауымен Ақтөбедегі жоғары медициналық оқу орнының стоматология бөліміне оқуға түсіп, бүгінде жарым Темірланмен бірге атам бастаған кәсіпті өркендетудеміз. Марқұм атам өмірден өтер сәтінде алғысын айтып, ризашылығын біл­дірді. Бұл мақтаныш емес, маған артқан сенім, – дейді Науат Нұр­пейісова.
Ерлі-зайыпты Темірлан мен Науат Нұрпейісовтердің қызметін ауданның көптеген тұрғыны пайдаланады.
– Біздің емханада заман талабына сай құрал-жабдық жетерлік. Уақыт ағымы жаңа құрал-жабдықпен жұмыс істеуге бейімдеуде. Жақында «Физеограф» рентген аппаратын сатып алмақшымын, – дейді тіс дәрігері.
Ерлі-зайыптылар отбасында төрт бала тәрбиеленуде. Үлкені Жанерке отбасылық кәсіпті дөңгелетсе, екінші қызы Ақерке «Дауыс Интернейшонал» тобының әншісі, Ұлдана Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы университеттің «Стоматология» фа­куль­тетінің ІІ курс студенті. Ал кіші қыздары Інжу болса мектеп оқушысы. Ол да ата-анасы сияқты келешекте тіс дәрігері болмақ.
Н.ЖАНӘДІЛОВ
12 қыркүйек 2019 ж. 1 203 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 113

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930