» » Қалауын тапса, қоқыс та кіріс

Қалауын тапса, қоқыс та кіріс

Сіз пайдаланып отырған ақ парақ үшін қанша тал кесілетінін білесіз бе? Мәселен, 1 тонна қағаз шығаруға 17 тал кесіледі екен. Одан бөлек басқа да картон, қатты материал дайындауға орман ағаштары жойылады. Ал осы талдарды кесуден сақтап қалудың жолы бар. Мәселен макулатура жинап, оны қайта өңдеген кезде, бір ағаштың өмірі кесілуден сақталады екен. Қармақшы ауылының тұрғыны Азамат Тұрақов екі айдан бері макулатура жинап, оны екінші өңдеуден өткізуді қолға алған.
Аулаға буылып жиналған қатты картон мен пластик құтыларды көріп іштей бәрекелді дестік. Мұндай керексіз қалдықтарды екінші қайта іске асыруды ойлаған кәсіпкердің идеясын ауыл жұрты бірден қолдапты. Енді олар «ауы­лымыз шашылған қоқыс қағаз бен бос құтылардан тазарып қалатын болды» деп қуануда.
– 2016 жылдан бері осы кәсіпті қолға алу ойда жүрді. Қаладағы макулатура жинайтын орында жұмыс жасап жүріп көп ойландым. Кейін ауылда ашамын деп шештім. Өзім қаражат жинап, қолдағы барыма қаладан аппаратын сатып алдым. Оның өзін іздестіріп әрең таптым. Қазір көршілес Жалағаш ауданы және кенттегі дүкендермен келісімге отырдым. Солардан тасталған дүниелерді сатып алып тұрамын. Сығатын аппарат жоғары электр күшімен жұмыс жасайды. Бір басқаны 200 келіге дейін барады. Қазір қасымда көмекшілерім бар. Аптасына екі рет қалаға макулатура жіберіп отырамын, – дейді кәсіпкер.
Кейіпкеріміз әзірге қағаз, картон, полиэтилен пакеті мен бос пластик құтыларды жинап өткізуде. Алдағы уақытта кәсіпкерді қолдау бағдарламасы арқылы несие алып, кәсібімді кеңейтсем дейді. Үлкен ғимарат орнын салып, сонда қалдық заттардан қол сүрткіш, әжетхана қағазын, пластик құтылардан тұрмыстық заттарды жасап шығаруды мақсат етіп отыр.
– Қазір жұмыс жоқ деп қарап отыруға болмайды. «Екі қолға бір күрек» іздегендерге мүмкіндік бар. Алға мақсат қойып, соған қарай талпыну керек. Мемлекет тарапынан еңбек етемін деген әрбір азаматқа қолдау көп, тек оны мақсатты пайдалану керек, – дейді Азамат.
Ерсін СӘДУҰЛЫ   
30 маусым 2021 ж. 1 733 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031