SMART TEACHING – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ! АҒЫЛШЫН ПӘНІНЕН АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАР
Т.Жүргенов атындағы №80 мектеп-гимназиясында «Smart Teaching – инновациялық тәжірибе мен AI интеграциясы» тақырыбында ағылшын тілі пәні бойынша аймақтық семинар өтті.
Семинар барысында қатысушылар заманауи оқыту әдістерімен танысып, инновациялық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісінде тиімді қолдану тәжірибесімен бөлісті.
Бағдарлама аясында «Telling the Time» 5 а класымен ашық сабағы Ақбергенова Г, «Brain Battle» зияткерлік сайысы 8-9 сыныптар арасында Қараманова Ж,мұғалімдерге арналған тәжірибелік жұмыс Байелова Г,Егізбаева Д және Ахметова И 7-сынып оқушыларының қатысуымен өткен “A Journey to Fairy Tale Land” атты ертегілер әлеміне саяхат ұсынылды.
Шығармашылық, жаңашылдық пен цифрлық мүмкіндіктер тоғысқан бұл кездесу кәсіби тәжірибе алмасуға, тың идеялармен шабыттануға жол ашты.
Бүгінгі ізденіс – ертеңгі жетістік!
Smart Teaching – білім берудің жаңа мүмкіндіктеріне бастар қадам!
Семинарға қатысып, қолдау білдірген барша әріптестерімізге алғысымыз шексіз!















