» » ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖОЛДАРЫ

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖОЛДАРЫ

Сәрсенбіде Байқоңырдағы №272 орта мектепте «Әр балаға мүмкіндік: инклюзивті білім берудің тиімді жолдары» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің аймақтық тәжірибе алмасу алаңы өтті.
Іс-шара педагогтердің инклюзивті білім беру бағытындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдаудың тиімді жолдарын көрсету және озық педагогикалық тәжірибелермен бөлісуді мақсат етті.
Аймақтық тәжірибе алмасуда Төретам кенті, Ақай ауылы, Байқоңыр қаласындағы орта мектеп мұғалімдері және аудандық білім бөлімінің әдіскері Александр Ким, аймақтық білім бөлімінің өкілі Жадыра Алданова қатысты.
Семинардың ашылу сәтінде мектеп директоры Гүлзира Жадиева құттықтау лебізін білдіріп, семинарға қатысушыларға нәтижелі жұмыс пен шығармашылық табыс тіледі.
Басқосуда директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Алмагүл Жақыпова инклюзивті білім берудің негізгі қағидалары туралы ой қозғап, әрбір баланың білім алуына, мектеп өміріне қатысуына және қабілетін дамытуына жағдай жасау керек екенін айтты. Сонымен қатар инклюзия туралы тек теориялық тұрғыдан ғана емес, күнделікті сабақта қалай жүзеге асыруға болатынын қарастыру жолдары да ұсынылды. Осы тұрғыда қатысушылармен «Бір қадам алға» тақырыбында тренинг өткізілді.
Іс-шарада педагог-ассистент Айсұлу Бөлекбаеваның жетекшілігімен «Бір құрал – бір мүмкіндік» тақырыбында көрме ұйымдастырылса, мектептің логопед маманы Меруерт Өтегенова «Инклюзивті білім берудегі нормативтікқұқықтық құжаттар» тақырыбында қажетті психологиялықпедагогикалық қолдау көрсетілуіне негіз болатын заң, қаулы, бұйрықтар мен ережелер жиынтығымен және «Бір қадам» ата-аналар клубы – ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарына психологиялықпедагогикалық қолдау көрсетуге, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақты нығайтуға және баланың жанжақты дамуына жағдай жасауға арналған жоспармен таныстырды.
Мектеп дефектологы Әсел Қалиева «Тактильдімоторлық қабылдау және заттардың ерекше қасиеттерін қабылдау. Кинестетикалық және кинетикалық даму», арнайы маман Зульфия Ерімбетова «Арманға қанат қақ: арт-терапиялық әуежай», бастауыш сынып мұғалімі Айнұр Жалмаханова «Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем», арнайы сынып мұғалімі Гүлбақыт Ұзақбаева «Дауыссыз к мен г» тақырыбында ашық сабақ, түзете-дамыту, тренингтер мен практикалық жұмыстар өткізді. Тәжірибе алаңы – педагогтердің өзара ынтымақтастығын нығайтып, инклюзивті білім беру жағдайында баланың қабілетін ашуға, жеке қажеттілігін ескеруге және сапалы білім алуына мүмкіндік жасауға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Іс-шараға қатысқан аудандық білім бөлімінің әдіскері Александр Ким және аймақтық білім бөлімінің өкілі Жадыра Алданова семинарға жоғары бағасын берді.
– Әдіс-тәсілдер жан-жақты көрсетілді. Мұғалімдерге арналған тапсырмалар мен танымдық ойындар мазмұнды, әсерлі болды. Ұйымдастырушылар мен педагогтерге маңызды бағыттағы жұмыстары үшін алғыс білдіреміз. Алдағы жұмыстарына табыстар тілейміз, – деді білім бөлімінің мамандары.
Семинарда педагогтер инклюзивті білім беру қағидаларын талқылап, баланың жеке ерекшелігін ескере келе қолайлы білім беру ортасын қалыптастырудың тиімді әдістерімен бөлісті.
Жиын соңында естелік суретке түсті.
Алмагүл БАЙДУЛЛАҚЫЗЫ,
№272 мектеп директорының орынбасары
17 қазан 2026 ж. 44 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 061
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 278

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031