Құрылтай
» » Бірлік пен достықтың жарқын мерекесі

Бірлік пен достықтың жарқын мерекесі


Сәрсенбі күні Тоғжан бөбекжай-бақшасында 1 мамыр – Бірлік күніне орай ерекше мәнге ие ертеңгілік шара ұйымдастырылды. Ел бірлігі мен татулығын дәріптейтін бұл мерекелік іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, ардагер ұстаз Дәмелі Жалғасбаева, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Мағауия Әлиев және аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Тоқшылықовалар арнайы қатысып, бүлдіршіндердің қуанышына ортақтасты.
Іс-шараның шымылдығы балабақша тәрбиеленушілерінің жүрекке жылы әсер қалдыратын тақпақтарымен түрілді. Кішкентай бүлдіршіндердің Отанға, достық пен татулыққа арналған өлең жолдарын мәнерлеп оқуы көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Мерекелік бағдарлама барысында балалар ұлттық киімдермен сән түзеп шықты. Бұл – еліміздегі түрлі этностар арасындағы достық пен өзара құрметтің айқын көрінісі болды. Балғындардың сахнадағы еркіндігі мен өнерге деген қызығушылығы олардың бойындағы дарын мен тәрбиенің үйлесімін аңғартты. Кеште әсем ән мен мың бұралған би өрнектері мерекелік көңіл күйді одан әрі жандандырып, зал ішін шаттыққа бөледі.
Шара барысында құрметті қонақтар балабақшаның тыныс-тіршілігімен танысып, тәрбиеленушілерге жасалып жатқан жағдайларға оң бағасын берді. Сонымен қатар, ұжымның еңбегіне ризашылықтарын білдіріп, жас ұрпаққа сапалы тәрбие мен білім берудегі маңыздылығын атап өтті.
«ҚТ» ақпарат
02 мамыр 2026 ж. 88 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 444
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 949

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031