Конституция
» » Татулығы жарасқан – берекелі Қазақстан

Татулығы жарасқан – берекелі Қазақстан



Көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін мамыр айының алғашқы күні – ел үшін ерекше мәнге ие мереке. Осындай мағыналы мейрам аясында бүгін 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай орталық алаңда аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен «Татулығы жарасқан – берекелі Қазақстан» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Орталық алаңда суретшілер аллеясы, ұлттық және өзге этнос тағамдары, қолөнер бұйымдары мен тарихи жәдігерлер, сондай-ақ Цай Ден Хак мұражайының құнды экспонаттары қойылған көрме ұсынылды. Сонымен қатар ерекше көңіл-күй сыйлау мақсатында балаларға арналған ойын алаңдары да ұйымдастырылды.

Салтанатты шарада аудан басшысы сөз сөйлеп:
«Бірлігі бекем, татулығы жарасқан ел болу – біздің ең басты құндылығымыз. Қазақстан халқының бірлігі күні – еліміздің Ата Заңында айқындалған бірлік, татулық, тұрақтылық ережесінің сақталғанын көрсетіп отыр. «Бірлік бар жерде - тірлік бар». Әр шаңырақта тыныштық болса – ел тыныш болады. Біз болашағымызды бірлесе құрсақ, еліміздің іргесі берік, келешегі кемел болады.
Осы айтулы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Туған жеріміздің ырысы артып, мерейі үстем болсын!»,-деді.

Мерекелік бағдарлама ән мен биге ұласып, жергілікті өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін көрсетті. Қазақтың халық әндері мен күйлері, көпұлтты би ансамбльдерінің өнері кештің мазмұнын ашып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Айта кетсек, бұл мереке 1996 жылдан бастап кеңінен тойланып келеді. Бүгінде бірлік пен ынтымақтың ұйытқысына айналған Қармақшы топырағы 10-нан аса ұлт пен ұлысқа құтты мекен болып, этнос өкілдері бір шаңырақ астында жұмыла еңбек етуде.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

02 мамыр 2026 ж. 157 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 924

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031