» » ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАР БІРЛІК МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАР БІРЛІК МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ


Бүгін Қармақшы ауданының орталығында Қазақстан халқының бірлігі күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Татулығы жарасқан – берекелі Қазақстан» атты мәдени-көпшілік іс-шара өтті.

Мерекелік шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек қатысып, жиналған жұртшылықты ынтымақ пен бірліктің мейрамымен құттықтады. Өз сөзінде аудан басшысы елдің тұрақтылығы мен дамуы үшін бірлік пен келісімнің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, татулық пен сыйластық салтанат құрған қоғамда берекелі тірлік орнап, болашаққа сенімді қадам жасауға мүмкіндік бар екенін жеткізді.

Думанды жиында қазақ халқымен қатар, Қазақстанды мекендеген түрлі этнос өкілдерінің өнері көрермен назарына ұсынылды. Олар ұлттық әндерін орындап, би билеп, халықтың мәдени алуандығын айшықтады.

Мерекелік шара барысында әр ұлттың ұлттық тағамдары ұсынылып, түрік ұлтының дәстүрлі «Беташар» рәсімі сахналанды. Сонымен қатар, бірлік күніне орай арнайы сурет көрмелері ұйымдастырылып, шығармашыл жастардың туындылары көпшілік назарына ұсынылды.

Жиналған халық мерекені көтеріңкі көңіл-күймен атап өтіп, бірлікті дәріптеген думанды іс-шара мәресіне жетті.

01 мамыр 2025 ж. 572 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 952
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 588

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930