» » АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ АЯСЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ АЯСЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

«Руханият» орталығында 1 наурыз – Алғыс айту күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. 

Іс-шара аясында аудан әкімі Жандос Еркінбек алдымен «Руханият» орталығында орналасқан музей, кітапхана, үкіметтік емес ұйымдар, ардагерлер, әйел-аналар және жастар орталықтарының жұмысымен танысты. 

Салтанатты шара барысында аудан әкімі сөз сөйлеп, көпұлтты еліміздің бейбітшілігі мен тұрақтылығына үлес қосып жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді.

– Алғыс айту – халқымыздың бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Бұл мереке – еліміздегі достық пен келісімнің мызғымас символы. Біз тағдыр тоғыстырған көпұлтты халықпыз, татулық пен бірлік біздің басты байлығымыз. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы бірліктің жарқын үлгісі ретінде мемлекетіміздің дамуына зор үлес қосуда. Әрбір азаматтың ерен еңбегі бағаланып, құрметке лайық. Ауданымызда да түрлі салада аянбай қызмет етіп, ел дамуына өзіндік үлес қосып жүрген жандар аз емес. Біз бүгін сол азаматтарға алғысымызды білдіріп, еңбектерін құрметтеуге жиналып отырмыз. Ел бірлігін нығайту, қоғамда бейбітшілік пен татулықты сақтау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз, – деді аудан басшысы.

Әрі қарай, іс-шара аясында қоғамның әр саласында табысты еңбек етіп жүрген сала мамандарына, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, тазалықшыларға, коммуналдық сала қызметкерлеріне және еріктілерге аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов мерекенің маңыздылығын атап өтіп, еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген жандарға ризашылығын жеткізді. Жастар кадрлық резервінің мүшелері де сөз алып, қоғамда бірлік пен ынтымақтастықты нығайту жолындағы бастамаларға атсалысуға дайын екендіктерін білдірді.

Іс-шара соңында жиналған қауымға концерттік бағдарлама ұсынылып, аудан өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
02 наурыз 2025 ж. 100 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 430
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31