» » Алғыс айту күні атап өтілді

Алғыс айту күні атап өтілді

Кеше Қармақшы ауданында көктемнің алғашқы күні 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара өтті.

Шарада аудан әкімі Жандос Еркінбек арнайы құттықтауын жеткізіп, шынайы алғысын білдірді.

«Алғыс айту күні – қиын кезеңді бірге еңсеріп, Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында қажырлы еңбек еткен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін уақыты. Осынау мерейлі мерекеде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, ауданның санитарлық тазалығына, электр энергиясының үзіліссіз жұмыс істеуіне, табиғи газдын тоқтамауына елеулі үлес қосып жүрген барша азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Жандос Еркінбекұлы.

Сондай-ақ, аудан басшысы ақпан айында Төретам кентіндегі тұрғын үйдің шатырынан шыққан отты байқап, жедел әрекет етіп сол үйдің тұрғындарын ескертіп, өрт сөндіру бөліміне хабар берген Жанқожа батыр атындағы №269 орта мектебінің 10 сынып окушылары Қуатбаев Алимжан мен Құдайбергенов Азаматтың ерліктерін ерекше атап өтті.

Мерекелік шара барысында еңбек адамдарына, тазалықшыларға, коммуналдық сала қызметкерлеріне, қоғамдық көлік жүргізушілеріне, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен еріктілерге аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды.

Ⓒ Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

02 наурыз 2024 ж. 395 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 120

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930