» » Бірлігіміз жарасқан

Бірлігіміз жарасқан

qarmaqshy-tany.kz Қазақ даласы бүгінде 130- дан астам ұлт өкілдерінің ортақ отанына айналған. Сол себепті жыл сайын елімізде 1 мамыр – татулық пен достықтың мерекесі тойланады. Бірлік күні ауданымызда да жоғары деңгейде аталып өтті. Әр ұлт өкілдерінің киімін киген аудан тұрғындары мен қонақтар азанмен орталық алаңдағы думанды шараға жиналды.

«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан еш жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны бөлек.

Безендірілген орталық алаңда әр ұлттың тыныс-тіршілігінен сыр шертетін көрмелер ұйымдастырылып, ауданымызда мекендейтін этнос өкілдерінің ұлттық тағамдары дастарқанға қойылды. Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және зиялы қауым өкілдері мен қонақтар қатысып, алдымен өнер және жыр мектебінің ән шашуын тамашалап, қолөнер шеберлері дайындаған көрмені көрді.

Орталық алаңның сахнасында әр ұлт өкілдерінің биі насихатталды. Аудан әкімі Жандос Еркінбек қармақшылықтарды Достық мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Еліміз егемендігін алғалы бері достықты, бірлікті тең құқықты ту етіп келеді. Соның арқасында бүгінде еліміз киелі шаңыраққа айналып отыр. Бұл мереке әрбір қазақстандық үшін азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісімнің мерекесі. Осы татулықты сақтау жолында еліміз өркендеп, экономикамыз ілгерілеу үстінде. Достық пен ынтымақ бар жерде береке болары сөзсіз. Осыған орай сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтай отырып, бірлігіміз мәңгі бекем болсын, деп тілеймін, – деді аудан басшысы.

Мерекелік іс-шара одан әрі концерттік бағдарламаға жалғасып, түрлі ұлт өкілдерінің әндері шырқалды. Осылайша аудан тұрғындары мамыражай мерекені жақсы көңіл күймен қарсы алды.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
03 мамыр 2023 ж. 461 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 179
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031