» » Қармақшыда тілдер мерекесі аталып өтті

Қармақшыда тілдер мерекесі аталып өтті

Кеше Қармақшылықтар 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткен «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі» тақырыбында облыстық пленарлық онлайн мәжіліске қатысты.
Аймақтық мәжіліс аяқталғаннан кейін, іс-шара аудандық тіл жанашырларының алқалы жиынымен жалғасты.
Жиында сөз алған аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Ерқосаев Жұлдызхан Байназарұлы тіл туралы толғамды пікір білдіріп, аудан жұртшылығын Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен құттықтады.
- Елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтетін бұл мереке достық пен бірліктің, түсіністік пен жарасымдылықтың жарқын үлгісі. Өйткені «Тіл - татулық дәнекері, достықтың алтын көпірі». Бұл мереке 2018 жылдан бері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырылып өткізіліп келетінін жеткізді.
Сонымен бірге «Ұлт бірлігі – Қармақшы» Қоғамдық Бірлестігінің төрағасы Шегебай Құндақбаев сөз алып, ауданымызда жасайтын ұлттар мен ұлыстардың, түрлі этнос өкілдерінің бірлік пен ынтымақта өмір сүруінің дәнекері болып отырған жұртшылыққа ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, көпшілікті мемлекеттік тілді құрметтеуге, оны жетік үйренуге шақырды.
Шара соңында бір топ тіл жанашырлары аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
06 қыркүйек 2022 ж. 551 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 192
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 835

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031