» » "Тіл - баға жетпес мұра"

"Тіл - баға жетпес мұра"

Бүгін 5 қыркүйек-Қазақстан халқы тілдері күні. Осынау тарихи мерекенің еліміз үшін мәні зор, құрметі ерекше. Өйткені, тіл тағдыры - ел тағдыры. Тілдер мерекесімен тұспа-тұс келген, осындай рухани мейрамның 5 қыркүйекте тойлануына себеп болған - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ағартушы, қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы, ғалым, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Бүгін барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде тілдер мерекесін тойлайды. Осыған орай Кент кітапханасында Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлына арналған "Ұлт ұстазы" және Тілдер күніне "Тіл - баға жетпес мұра" атты кітап көрмесінің таныстырылымы өткізілді. Іс-шараға аудандық Оқушылар үйінің ұстаздары мен оқушылары келіп, көрмемен танысып, оқырман Аманғали Ұлықпан "Ана тілім-ардақтым" өлеңін нақышына келтіріп оқыды.
05 қыркүйек 2022 ж. 1 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 000
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 677

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031