» » Тілшілер қауымына тілектестік білдірді

Тілшілер қауымына тілектестік білдірді

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай аудандық жастар ресурстық орталығы баспасөз қызметкерлерін марапаттады.


"Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні 2017 жылдан бастап Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілді. Атаулы датаға орай "Қармақшы таңы" аудандық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Жаудатбекқызы, бас редактордың орынбасары Гүлжанат Өмірқызы, фототілші Қазбек Жаулыбайұлы мен шығармашылық мамандар Ардақ Сәкенқызы, Айнұр Айдарқызы мен Ерсін Сәдуұлын ресурстық орталығының директоры Берік Байділдаев алғыс хатпен марапаттады.

– Бүгінгі таңда қоғам айнасына, ауданның жаршысына айналған "Қармақшы таңы" газетінің оқырманға берері көп. Баспасөз қызметінде еңбек етіп жүрген сіздердің ана тіліміздің қадір-қасиетін насихаттауда еңбектеріңіз зор. Алдағы уақытта қызметте үлкен табысқа жетулеріңізге шын жүректен тілектеспін, – деді Б.Байділдаев.

Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ
07 қыркүйек 2020 ж. 936 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 344
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930