» » Наурыз – халықтық мереке

Наурыз – халықтық мереке

qarmaqshy-tany.kz ҚЫСТАН ҚАЛҒАН ҚАСАТ ҚАРМЕН ҚАТАР КӨҢІЛДІҢ ДЕ ТОҢЫ ЖІБІП, АДАМЗАТ АТАУЛЫНЫҢ АЙРЫҚША КҮТЕТІН ҰЛЫҚ МЕЙРАМЫ БАР. ОЛ – ӘЗ НАУРЫЗ. ШЫҒЫС ХАЛҚЫНЫҢ ЖЫЛ БАСТАУЫ – НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ АУДАНЫМЫЗДА ҮЛКЕН ҰЙЫМШЫЛДЫҚПЕН АТАЛЫП ӨТТІ.
Жосалы кентінің орталық алаңында мерекеге сай безендірілген ақшаңқан киіз үйлер алдына жиналған қармақшылықтар көтеріңкі көңіл-күйде бір-бірімен құшақтаса амандасып, мерекелік ыстық ықыластарын білдірді. Сол күні Жер-Ана халықтың тілегін қабыл алғандай, азанмен жер бетіне күннің шуағы шашылып, көктемнің жылы лебі жиналған жұртшылықтың жүзін жадыратты. Орталық алаңға тігілген киіз үйлер алдында қазақы киіммен қыз-келіншектер мерекенің сәнін кіргізсе, ер-азаматтар қазан көтеріп, ұлттық ойын ойнап, жарасым тапты.
Наурыз мерекесіне аудан әкімі Жандос Еркінбек, қоғам және мемлекет қайраткері, әр жылдары ауданды басқарған Бекмырза Еламанов, Биғали Қаюпов, Нәжмадин Шамұратов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов қатысты. Алдымен қонақтар Қорқыт ата мемориалдық кешенінің ұлттық жәдігерлері көрмесімен танысты. Мұнан соң денсаулық сақтау қызметкерлерінің «Денсаулық ауылы» киіз үйіне аялдап, сала мамандарының ұлттық нақышта сомдаған қойылымын тамашалады. Одан кейін «Бірлік», «Ынтымақ», «Жасампаздық», «Іскер», «Достық», «Татулық», «Береке», «Жігер» ауылдарына бас сұғып, «Бата беру», «Құда түсу», «Бесікке салу», «Тұсау кесер», «Қыз бен жігіт айтысы», «Беташар» секілді ұлттық салтдәстүр қойылымдарын көрді.
Мерекеде аудан басшысы Жандос Еркінбекұлы жиналған жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, ауыл шаруашылығы мен өндірісі жыл сайын қарқынды дамып келе жатқанын айта келе, биыл ауданда ел мүддесі үшін іске асырылатын маңызды жобалар жөнінде сөз қозғады. Сондай-ақ ел болашағын айқындайтын сындарлы сәтте қазақ жұртшылығына ынтымағы мен бірлігін көрсетіп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлауына белсенділікпен қатысқандарына ризашылығын білдірді.
Мұнан соң мерекеге арнайы келген ауданның құрметті қонақтары Бекмырза Еламанов, Биғали Қаюпов және Нәжмадин Шамұратов өздерінің мерекелік жылы лебіздерін білдірді.
Наурыз мерекесінің жоғары деңгейде өтуіне аудан кәсіпкерлері де атсалысты. Олар орталық алаңға арнайы дас­тарқан жайып, мерекені тамашалауға келгендерге наурыз көже таратты. Ал спорт мекемелері қазақ күресі, гір тасын көтеру, арқан тарту, асық ойыны сияқты ұлттық спорт ойындарынан жарыс ұйымдастырып, жүлдегерлерге сый-сияпат жасады.
Осылайша Ұлыстың Ұлы күні – әз Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шараны еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін тамашалады. Өңірдің өнерлі өнерпаздары ән мен жырдан шашу-шашып, көпшілікті мерекелік көңіл-күйге бөледі. Сонымен қатар жиналған жұрт орталық алаңда орнатылған бейнеэкран арқылы еліміздің әр аймағында тұратын аудан тумаларының мерекелік лебіздерін тамашалады.
Іс-шара барысында аудан басшысы зиялы қауымымен бірге «Қобыз» монументі аллеясында ағаш отырғызды.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
25 наурыз 2023 ж. 436 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 282

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 377

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930