» » БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ КЕЗЕКТІ КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІСІ ӨТКІЗІЛДІ

БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ КЕЗЕКТІ КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІСІ ӨТКІЗІЛДІ


Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Б.Жәнібековтың төрағалығымен мектеп директорлары мен оқу орынбасарларының қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өткізілді.

Мәжілістің күн тәртібінде 2 мәселе қаралып, көрсеткіштерге терең талдау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, қаңтар айында өткізілген ҰБТ қорытындысы және инновациялық мектептерде 4 және 9 сыныптар бойынша алынған тестілеу нәтижелері.

Білім бөлімі басшысы Берік Съездұлы күн тәртібіндегі мәселелердің маңыздылығына тоқталып, ҰБТ көрсеткіштері мен «Алтын белгі» үміткерлерінің білім нәтижелері бойынша әр пәнге жүргізілген саралау жұмыстарына тоқталып, көрсеткіші төмен мектептерге білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізуді қатаң тапсырды.

Сонымен қатар, аудандағы инновациялық мектептерде 4 және 9 сыныптар бойынша алынған тест жұмыстарының нәтижелері бойынша да жан-жақты талқылап, оқу сапасын көтеру бағытында мектеп басшыларына тиісінше тапсырма жүктеді.

Жиын қорытындысы бойынша бөлім басшысы нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуы уақыт аралығында қатаң бақылауда болатынын жеткізді.

04 наурыз 2026 ж. 192 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 308
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 837

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930