» » «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: БҮГІНГІ ИДЕЯ – ЕРТЕҢГІ ШЕШІМ» ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: БҮГІНГІ ИДЕЯ – ЕРТЕҢГІ ШЕШІМ» ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес аудандық оқушылар үйінің базасында «Жасанды интеллект: бүгінгі идея – ертеңгі шешім» атты аудандық ғылыми-тәжірибелік жобалар байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, жергілікті мәселелерді шешуде, туризмді дамытуда жасанды интеллект технологияларын қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады.


Аталған іс-шараға ауданға арнайы іссапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Рүстемов Руслан Рүстемұлы қатысты. Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының Қармақшы аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы Қошалақов Әділ Үсенұлы, Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Жәнібеков Берік Съездұлы, «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторы Райымбаева Сәрсенкүл Жаудатбекқызы қатысты.

Сенатор байқауды ашып, жас өнертапқыштарға сәттілік тілеп, олардың тың идеялары мен бастамалары мемлекет тарапынан әрдайым қолдау табатынын жеткізді.

Айта кету керек, шараның өткізілуіне «AMANAT» партиясының Қармақшы аудандық филиалы және Қармақшы аудандық Жастар ресурстық орталығы қолдау көрсетіп, бағалы сыйлықтармен қамтамасыз етті.

Байқауға аудан бойынша 30 мектеп 54 жоба ұсынылып, 4 бағыт бойынша өзара бақ сынады.
Арнайы бекітілген қазылар алқасы ұсынылған жобалардың өзектілігіне, жаңашылдығына және практикалық маңыздылығына жан-жақты баға беріп, әділ шешім шығарды.

Байқау қорытындысы бойынша үздік жобалар анықталып, жеңімпаздар марапатталды.
26 ақпан 2026 ж. 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 043
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031