» » Білім ордалары жүйелі жұмыс жасауда

Білім ордалары жүйелі жұмыс жасауда



Жаңа оқу жылының табалдырығында аудандағы білім беру мекемелерін аралау жұмыстары жүйелі түрде жалғасын табуда. Осыған орай аудан әкімі Жандос Еркінбек бірнеше мектепке барып, оқу орындарының жай-күйімен және білім сапасымен танысты.

Сапар барысында аудан басшысы А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейіне барды. Мектеп алды даярлық тобын қоса алғанда мұнда 545 оқушы білім алуда. 2024–2025 оқу жылын 20 түлек аяқтап, олардың 90%-ы мемлекеттік грант иеленді. Атап өтерлігі, 2 «Алтын белгі» иегері де мемлекеттік білім грантын жеңіп алды.

Жаңа оқу жылында 11-сыныпта – 42 оқушы, ал 1-сыныпқа – 54 бала қабылданған. Сонымен қатар, оқу орны бейне бақылау жүйесімен толық жабдықталып, оқушылар қауіпсіздігіне басымдық берілген.

Сондай-ақ, мектепте «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында оқушылар бойында ұлттық құндылықтар мен тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған кешенді тәрбиелік жұмыстар жүйелі жүргізіледі.

Келесі нысан – О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектеп. 2024–2025 оқу жылында мектепті 27 түлек тәмамдаса, 2025–2026 оқу жылында 25 сынып комплектісі жасақталып отыр. Жалпы оқушы саны – 471, оның ішінде мектеп алды даярлық тобында – 26 бала білім алуда.

Мектептің басты мәселелерінің бірі – кәріз жүйесі болатын. 1992 жылдан бері қолданылмаған жүйені қайта қалпына келтіру үшін екі ай уақыт беріліп, нәтижесінде 2025 жылғы 25 тамыздан бастап толық іске қосылды.

Ү.Томанов атындағы №183 орта мектепке де аудан әкімі арнайы барды.
72 жылдық тарихы бар іргелі білім ордасы 2018 жылдың 25 мамырында жаңа ғимаратқа көшірілген. Қазіргі таңда мұнда 378 оқушы білім алуда.

Мектептің оқу-әдістемелік деңгейі мен мұғалімдерінің кәсіби дамуы назардан тыс қалмады. Пән мұғалімдерінің біліктілік арттыру курстарына қатысуы, оқушылардың ғылыми жобалар байқауындағы белсенділігі — оң нәтиже көрсетіп отыр.

Сонымен қатар, «Жасыл мектеп» жобасы аясында мектеп жанынан жылыжай ашылып, онда тұқым себу, көшет отырғызу жұмыстары жүйелі ұйымдастырылуда.

Мектепте салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы түрлі спорттық сайыстармен қатар, оқушылардың таным көкжиегін кеңейтуге арналған жобалар мен шығармашылық байқаулар да тұрақты өткізіліп келеді.

Аудан басшысы мектеп ұжымдарына білім сапасын арттырумен қатар, тәрбие бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар, әкімдік тарапынан қажетті қолдау көрсетілетіні жеткізілді.
03 қыркүйек 2025 ж. 29 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 336
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 108

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930