» » ҚАРМАҚШЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНУДЕ

ҚАРМАҚШЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНУДЕ


Қармақшы ауданында білім беру саласы бойынша толағай табыстарға қол жеткізілуде. Бұл туралы Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Жандос Еркінбек мәлім етті.

– Білім – ел болашағының негізі. Ауданда бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, сапалы нәтижелерге қол жеткізіліп келеді, – деді аудан басшысы.

2024–2025 оқу жылында ауданда 14 928 оқушы білім алуда. Биылғы мектеп бітіруші 766 түлектің 694-і, яғни 90,6%-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Оның ішінде 54 түлек – «Алтын белгі», 48-і – «Үздік аттестат» иегері атанды. 147 оқушы 100 және одан жоғары балл жинады.
Соның нәтижесінде Қармақшы ауданы облыс бойынша үздік аудандар қатарына енді. Ал екі оқушы облыс бойынша ең жоғары – 138 балл жинап, ауданның білім саласындағы жетістігін айқын көрсетті.
Сондай-ақ, биыл ерекше білім беруді қажет ететін балаларды дамыту және оңалту мақсатында аудандық бюджет есебінен 25 млн теңгеге ғимарат сатып алынып, Қармақшы ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті коммуналдық мекемесіне табысталды.

22 шілде 2025 ж. 103 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 636
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 406

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031