» » Сапалы білім – кәсіби маман ⠀

Сапалы білім – кәсіби маман ⠀

Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі – техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы көшбасшы оқу орны. Оқу орны бүгінде аймақтағы басты инновациялық және кәсіби білім берудің орталығына айналып отыр.
Колледждің басты миссиясы – озық әдістемелер, ұлттық мұра және әлемдік тәжірибе негізінде заманауи еңбек нарығының сұранысына сай білікті мамандар даярлау.
Сонымен қатар, бұл оқу орны мамандықтардың қоғамдағы беделін көтеруге үлес қосып, адами капиталды дамыту жолында аймақтық драйвер ретінде қызмет атқаруда.
Бүгінгі күні колледжде 30 мамандық пен 31 біліктілік бойынша білім беру жүзеге асырылуда. Оқу ордасы мемлекеттік лицензияға ие және техникалық, кәсіптік бағыттағы заманауи маман даярлауға толық мүмкіндік беретін материалдық-техникалық базаға ие.
Колледждің жобалық қуаттылығы 1800 орынды қамтиды. 200 орынға арналған жатақхана білім алушыларға қолайлы жағдай жасап отыр. Қазіргі таңда студенттер контингенті – 1334 адам. Колледждің білім беру сапасын қамтамасыз етуде кәсіби деңгейі жоғары педагогтар қауымы маңызды рөл атқарады. Штаттық бірлікте 248 қызметкер еңбек етеді. Колледжде 2 ғылым докторы, 2 ғылым кандидаты, 38 магистр, 3 – «Ы.Алтынсарин» төсбелгі иегері, 3 – «ҚР білім беру ісінің үздігі», 3 – «Үздік педагог», 5 – «Құрметті қызметкер» жұмыс жасайды.
Тарихы терең, тәжірибесі мол, білім мен тәрбиенің берік ұясы саналатын Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі техникалық және кәсіптік білім беру саласында көшбасшы орнын сақтап келеді.
Колледж аумағында 1200 және 600 студентке арналған екі оқу ғимараты, 150 орындық жайлы жатақхана, 100 орындық кітапхана, 324 орындық акт залы, 2 спорт залы, теннис залы және 150 орындық асхана жұмыс істейді. Сонымен қатар, оқу кабинеттері, зертханалар мен өндірістік шеберханалар, WorldSkills чемпионатына арналған арнайы дайындық кабинеттері заманауи талаптарға сай жабдықталған.
«Жас маман» жобасы аясында 323 млн теңгеге жуық қаржыға 4 мамандық бойынша жаңа оқу зертханалары ашылды. Олар:
– Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша) зертханасы;
– Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары;
– Пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық түсіру, іздеу және барлау;
– Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары.
Бұл зертханалар студенттердің тәжірибелік дағдыларын арттырып, өндірістік ортаға барынша бейімделуіне жол ашады.
Колледждің дамуына кәсіпкерлер де белсенді үлес қосып келеді. Демеушілік қолдаудың нәтижесінде ашылған жаңа оқу кабинеттері де пайдалануға берілуде.
Атап айтсақ, Мәжит Өтемұратов атындағы «Виртуалды тренажер» зертханасы, Бағдаулет Искаков атындағы «Жобаларды басқару» кабинеті, Жүзбай Таңырақбаев атындағы «Автомобильге қызмет көрсету және пайдалану» оқу кабинеті, Арғын Садықов атындағы оқу кабинеттері.
Бұл бастамалар оқу сапасын арттырумен қатар, жастарды кәсіпке баулудың тиімді жолына айналуда.
Колледжде: Құзыреттілік орталығы, Мансап және кәсіби бағдар беру орталығы, Ветеринарлық клиника, Жылыжай шаруашылығы, 150 гектарлық оқу-өндірістік тәжірибе алаңы жұмыс істейді.
Бұл жерлерде мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы дақылдары, жеміс ағаштарын өсіру, аграрлық бағыттағы тәжірибе жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, білім алушылар кәсіби тәжірибеден өтіп, нақты дағдыларды меңгеруде.
2025 жылы Электрмен қамтамасыз ету мамандығы бойынша колледж Флорида штатындағы NCCER орталығынан халықаралық салалық аккредиттеуден өтті. Нәтижесінде 9 оқытушы мен 11 студент халықаралық сертификат иегері атанды. Сондай-ақ, «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша халықаралық аккредиттеудің бірінші кезеңі сәтті өтіп, желтоқсан айына екінші кезең жоспарланған.
2025 жылы колледж «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастырған «Кәсіби маман» байқауында I орынды жеңіп алып, «Үздік колледж – 2025» атағына ие болды. Бұл жеңіс оқу орнының кәсіби бағыттағы жұмыстарын, заманауи әдістемелерді сәтті енгізіп отырғандығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Бүгінде Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі – техникалық және кәсіптік білім берудің флагманы. Жаңа форматтағы зертханалар мен кабинеттер, халықаралық серіктестік, инновациялық орталықтар, тәжірибелік алаңдар – мұның бәрі заманауи, бәсекеге қабілетті, жоғары білікті маман дайындауға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі. Колледж – тек білім ордасы емес, кәсіби дамудың, жаңашылдықтың, шығармашылықтың орталығы. 95 жыл бойы үздіксіз дамып, жаңа дәуір талаптарына сай бейімделіп келе жатқан бұл оқу орны – ел болашағын қалыптастыратын мамандардың алтын бесігі.
08 тамыз 2025 ж. 59 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 189
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031