» » Кәсіптік оқыту жүйесіндегі негізгі аспектілер мен заманауи тәсілдер

Кәсіптік оқыту жүйесіндегі негізгі аспектілер мен заманауи тәсілдер


Бүгінде елімізде 772 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы жұмыс істейді, онда 565 мың студент оқиды, оның 177 мыңы биыл қабылданды.

Қосарлы оқыту жүйесімен 94 мың студент қамтылды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің колледждерінде мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 143 мың орынға ұлғайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық. Студенттерді сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамту 90% құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік тапсырыстың 65% машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерияны қоса алғанда, техникалық мамандықтарға бағытталған. Қазақстанда колледж түлектерін жұмысқа орналастыру көрсеткіші 79% құрайды.

Колледждерде кадрлар даярлау өңірлік экономиканы ескере отырып жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда 195 колледжді бейіндеу және үлкейту жұмыстары басталды.

Бұдан бөлек, колледждерде 160 стартап-жоба іске қосылды, 104 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Кәсіби стандарттардың, жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және WorldSkills стандарттарының талаптарын ескере отырып, 8 мыңға жуық білім беру бағдарламасы әзірленді. Оқытуда тиімді озық әдістемелер мен тәсілдерді тарату мақсатында локомотив-колледждер айқындалды, қазіргі заманғы колледждер базасында 3 IT-орталық құрылды.

Колледж студенттерін қолдау мақсатында стипендиялық төлемдердің мөлшері екі есеге ұлғайды: 2023 ж. – 50%, 2024 ж. – 50%, 300 мыңнан астам студент қамтылды. Жатақханаға мұқтаж студенттердің 87%-дан астамы жатақханаларда орындармен қамтамасыз етілген. Биыл 1,2 мың орындық 4 жатақхана пайдалануға берілді.

@KZgovernment
27 желтоқсан 2024 ж. 206 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 371
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 147

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930