» » Қызылордалық жас кәсіпкер тафтинг тәсілімен кілем тоқиды

Қызылордалық жас кәсіпкер тафтинг тәсілімен кілем тоқиды

Kyzylorda-news.kz. Кілем тоқу – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер. Оны бұрын қабырғаға іліп, еденге төсеп, үйдің жылуын сақтау үшін пайдаланса, кейін сәндік бұйымға айналды. Ал, жеке кәсіпкер Жандос Шораев бүгінде тафтинг әдісімен кілем тоқумен айналысуда. XVII ғасырдан бері белгілі тафтинг технологиясын зерттеп, ол арнайы станок сатып алды. Ондағы жұмысты игеріп, алғашқы табысқа да қол жеткізді.

Кәсіпкер 2022 жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін бағдарламасы аясында 2,5 миллион теңге қайтарымсыз грант иегері атанып, жаңа құрылғылар мен керекті материалдар сатып алған. Бүгінде ол жергілікті үш тұрғынды жұмыспен қамтып отырған жайы бар.
Кілем тоқу цехы әзірге өз үйнде орналасқан. Цехта екі кілем тоқу станогы және өзге де қажеті құрылғылар бар. Кілем сапалы шығу үшін жібек жіптер пайдаланылады. Алматы қаласынан әкеледі. 
«Ағылшынша tuft сөзі «түйін» деп аударылады. Бұл өндіріс технологиясының мәнін көрсетеді. Олар бір жіппен тоқымайды, бірақ түйінделген шоқтармен толтырылады. Осы технологияны меңгергеннен кейін мен алғашқы тапсырыстарды алдым. Мен айына бірнеше кілем жасаймын», – деді Жандос Шораев. 
Машинамен тоқылатын  кілемдердің негізі: табиғи жіптермен  бірге синтетикалық жасанды талшықтар,  жүн тәріздес жіптер, химиялық  қабыршық жіптер. Машинамен тоқылатын кілемдердің түгі мынандай түрлерге бөлінеді: тігілген тафтинг, тоқылмалы, трикотаж, тоқыма – тігілмелі, шыбықшалы киіз, флокировты. 
Кәсіпкердің айтуынша, болашақта ол өз тәжірибесін кеңейтіп, оны табысты бизнеске айналдырғысы келеді. Алматы қаласына кәсіпкерлік негіздеріне арналған сабақтарына қатысты.
«Механикалық тоқу станогы арқылы шығарылатын тоқыма кілемдер бір түсті немесе әр түрлі түсті болады, құрылымы жағынан көп қабатты матаға ұқсас. Жоғары жылдамдықтағы көп инелі машиналармен тоқылатын кілемдер: түгі тігілмелі тафтинг және негізгі тоқымалы, трикотаж, тоқыма – тігілмелі. Кілем тоқылып бітісімен атқарылатын жұмыстар: түгі қырқылады, тазаланады, ыстық буға ұсталады, шеті әдіптеледі немесе оған шашақ тігіледі, сөйтіп, қосымша өңдеуден өткізіледі», - деп түсіндірді кәсіпкер.
Тапсырыстар жан-жақтан түседі екен. Көбісі жақындарын қуанту мақсатында сыйлық ретінде тапсырыс береді. Кілемнің көлемдері әр-түрлі. Өнім төрт күнде тоқылады, осы уақытқа дейін 2 айдың ішінде Жандос 20-ға жуық кілем тоқыған. 
«Соңғы жылдары қолөнер бұйымдарының қадір-қасиетін түсінетіндердің қатары көбеюде. Кілем туралы көпшілік бір-бірінен естігендіктен тапсырыс берушілер аз емес. Сол себепті, сапаға аса мән береміз. Жібекке синтетиканы араластырып, кілемнің жылтырауын, суреттің дәл келуін қадағалаймыз. Жібек пен синтетиканы араластырмаса да болмайды. Екеуі үйлесім тапса, кілем жылтырып, көздің жауын алатындай болады. Бізге көбінесе балалары ата-аналарына тосынсый жасағысы келеді. Сонымен қатар, көбінесе халық қалаулыларына, сыйлы азаматтарға, атақты ақын-жазушыларға арналып портреттік кілемдер тоқылады», – дейді кәсіпкер.
06 ақпан 2023 ж. 794 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 100

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031