» » Жас кілем тоқушылар жеңімпаз атанды

Жас кілем тоқушылар жеңімпаз атанды

qarmaqshy-tany.kz «Көп тілегі – көл» деп жатады дана халқымыз. Жуырда «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінде өткен іс-шарада аға буын жас буынға батасын беріп, талабының оң болуына тілектестігін білдіріп еді. Бүгін міне, осы өрендер байқаудан жүлдемен оралып, сүйінші хабарын айтты.

17 желтоқсанда Ақтөбе облысында «Ақжелең» V республикалық байқауы өтті. Оған аудандық «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінің мүшесі, No250 мектеп- лицейінің 7-сынып оқушысы Іңкәр Боранбай мен No26 мектептің 8-сынып оқушысы Құралай Серікбаевалар «кілем тоқу» номинациясы бойынша жүлделі І орынды иеленді. Сондай-ақ, Алматы қаласында өтетін әлемдік байқауға 50% жеңілдікпен жолдаманы жеңіп алды. Аудан намысын әлем елдерінің арасында қорғайтын жас қолөнер шеберлеріне сәттілік тілейміз.
"Қт" ақпарат
20 желтоқсан 2022 ж. 633 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 112
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 311

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031