» » ТЫҢ ӘДІС ИЕСІ АИДА

ТЫҢ ӘДІС ИЕСІ АИДА

Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесінің аудандық, облыстық кезеңінен сүрінбей өткен Байқоңыр қаласындағы №277 мектептің 10-сынып оқушысы Аида Қалмаханова республикалық сайыс­та да жеңімпаз атанды. Жақында жас шебердің жетекшісі, көркем еңбек пәнінің мұғалімі  Ұлболсын Тынымбайқызы кілем тоқудың жаңа технологиясын ойлап тапқан-ды. Міне, ұстазы үйреткен әдіспен жұмыс орындаған Аида барлық жарыс үміткерін артқа тастап, сайыстың бас бәйгесін қанжығасына байлады. 

– Инемен ұрып-тесу арқылы кілем тоқу техникасы – бұрын болмаған тәсіл. Бұл бап таңдамайды. Әсіресе, жіп талғамайды және кез келген көлемде орындала береді. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне өте қолайлы. Күнделікті өмірде керексіз зат ретінде қолданыстан шыққан бұйымдарды тастамай, олардан сан алуан композиция жасауға болады. Сондықтан осыны оқушыларға ұғындыру арқылы олардың шығармашылық ой-қиялына түрткі болу – ұстаздың негізгі мақсаты. Жаңа технологиямен жасалған бұйымдар балалармен біріге отырып жүзеге асты. Оның орындалу техникасы қарапайым. Қолда бар құрал-саймандар: бұрғы, шапқы, балға, қайрақ, желім қолданылды, – дейді Ұ.Домбаева.

Алматыда өткен айтулы байқауды Қазақстан Рес­пуб­ликасының Білім және ғылым вице-министрі Э.Суханбердиева ұйымдастырған. Оның қорытындысымен жас шебер А.Қалмаханова «Ұлттық колориті бар бұйымдар» номинациясы бойынша  І дәрежелі дипломмен марапатталса, оқушының ұстазы, кілем тоқу ісінің шебері Ұ.Тынымбайқызы алғыс хатпен мадақталды. 

Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
«Қармақшы таңы».
23 қараша 2018 ж. 1 954 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 370
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930