» » Бір жәдігер тарихы

Бір жәдігер тарихы

Кілем тоқу халықтың өте ертеден келе жатқан қол өнері. Қолдан тоқылған ең бағалы кілемдер КСРО, Иран, Франция, Үндістан, Қытай, Болгария, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Польша, Ауғанстан, Түркияда шығарылады, КСРО-да қолдан тоқылған ең жақсы кілемдер негізінен РКФСР (Дағыстан АССР), Түркменстан, Азербайжан, Грузия, Армення және Қазақстанда шығарылады.
Әр халықтың, әр елдің қалыптасқан дәстүр ерекшелігіне қарай кілемнің түр-түсті, ою-өрнегі, оны дайындау тәсілі әртүрлі болып келеді. Сондықтан да кілемдер тоқылған жердің немесе халықтың, тайпаның атымен аталады. Қолдан тоқылған түкті кілемді тоқуға жүн (қой, ешкі, түйе жүні), мақта-мата, жібек, зығыр, кендір жіптері пайдаланылады. Қолмен тоқылатын кілемнің түгі әр түрлі бояулы жіптерді әрбір екі өріс жібіне шалу арқылы жасалады. Майда өрнек қажет болғанда бір ғана өріс жібіне түйіледі. Олар көбіне қос шалымды, кейде бір жарым шалымды тұзақша түрінде болады да, ұшы бетіне шығарылып, қырқылып тасталады. Бірыңғай қатар жатқан тұзақшалардан кейін арқау жібін жүргізіп, алдыңғыларына қарай тарақпен нығыздай қағып отырады. Түк үшін жүннен иірілген жіп (кейде жібек жіп), ал өріс және арқау үшін мақта жіп қолданылады. Көбіне ұсақ өрнек жасау үшін өрістік мақта жіп жіңішке жібек жіппен алмастырылады. 1960 жылдың бас кезеңінде Ақжар ауылының тұрғыны Нұрқия Күзенбаева тоқытқан. 1967 жылы Кеңес Одағының құрылғанына 50 жыл толу мерейтойы қарсаңында аудан, облыс, республика бойынша қолөнер бұйымдарының байқау өткізіліп, сол көрмеге қатыстырылып кілемдер арасында республика бойынша ІІ орынға ие болып, 50 сом жүлде берілген.байқаудан соң кілем иесіне көрмеге қалдыруға және орнына кілем фабрикасынан тоқылған жаңа екі кілемге айырбас жасауға өтініш білдірген.
Бірақ кілем иесі ол өтініштен бас тартып, күні бүгіне дейін сақталып, 2016 жылы аудандық музей қорына аудан тұрғыны Ә.Құлдүйсенов сыйға өткізді.

Гүлнар НҰРТАЗАЕВА
аудандық тарихи-өлкетану
музейінің қор сақтаушысы
20 желтоқсан 2019 ж. 1 874 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031