» » Израильде қару ұстауға рұқсаты бар азаматтардың қатары күрт өсті

Израильде қару ұстауға рұқсаты бар азаматтардың қатары күрт өсті

Израильде қару ұстауға рұқсаты бар азаматтардың қатары күрт өсті
Енді әркім өзін-өзі қорғауы мүмкін. Бұл шешім қоғам тарапынан қызу талқыға түсіп жатыр.
Марктың үйінде қару-жарақтың бүтін бір коллекциясы бар. Тіпті жүздеген жыл бойы сақталған суық қаруды да көре аласыз. Ал өзі қорғаныс үшін аракідік тапаншасын алып жүреді. Запастағы полковниктің қару ұстап, сақтауға рұқсаты бар. Ол қару-жарақтың еркін қолданыста болғанын қолдайды. «Тек барлық адамға беріп қоюға болмайды. Тек арнайы дайындықтан өткендер ғана рұқсат алуы тиіс», – дейді.
Марк Бабот, запастағы полковник:
- Бір мысал айта кетейін. Опиумды алсақ. Оны есірткі ретінде қолдануға болады. Және операция жасағанда анестезия үшін таптырмас сұйықтық. Бұл ретте бір ғана құралдың көмек беріп қана қоймай, қауіп-қатері барын да ұмытау керек. Міне, қару да дәл сол сияқты.
Бұған дейін Израильде қаруға рұқсат тек запастағы офицерлерге, капитан дәрежесінен төмен емес арнайы қызметтегілерге және оккупацияланған аумақта тұратындарға берілетін. Олар күрделі медициналық тексерістен өтіп, емтихан тапсыруы тиіс еді. Бүгінде қоғам қаруды еркін қолданысқа шығаруға қарсы. Көпшіліктің айтуынша, қару ату үшін жасалған. Ал рұқсат берген жағдайда, ол адам тек лаңкесті ататынына кім кепілдік береді.
Михаль Розин, кнессет депутаты:
- Біздің ел – онсыз да әлемде ең әскерилендірілген мемлекет. Көшеде қару асынған сарбаздар, полиция қызметкерлері, күзетшілер толып жүр. Енді қарапайым тұрғындарға қару таратудың не керегі бар. Ол көп болған сайын, қылмыс саны да артады емес пе? Бұған дейін жеке тапаншасымен күйеуі әйелін қызғанып атып жіберген оқиға болды. Осындай жайттарды көзбен көріп, құлақпен естіп жүрміз. 
Бүгіннен бастап жауынгерлік бөлімшелерде борышын өтеген кез келген адам қару ұстауға құқылы. Бұл дегеніміз – әрбір үшінші израильдық ересек тұрғын. Және рұқсат алу үдерісі де жеңілдетілген. Бұл шешім 2015-2016 жылдардағы лаңкестердің пышақ шабуылы статистикасына сүйене отырып қабылданған. Онда қаруы бар қарапайым тұрғын әрбір үшінші шабуылдың алдын алған болатын. 

23 тамыз 2018 ж. 1 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031