» » Cоғыс кезінде пайланылған қарулар

Cоғыс кезінде пайланылған қарулар

Кеңес жаяу әскерінің қарулары  Мосин винтовкасы  Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ең көп таралған қарудың бірі – Мосин винтовкасы. Бұл қару алғаш 1891 жылы жасалған. Күй талғамайтын көнбістігі, мығым құрылымы, сенімділігі арқасында қару 1930 жылы қайта өңделді. Жаңа жасақталған винтовка 2 шықырым қашықтыққа дейін ата алатын болған. Мосин винтовкасы майданға жаңа келген сарбаздардың үйренуіне жеңіл болғандықтан, соғыс жылдарында 37 миллион данасы жасалған. Бірақ, өзге қарулар сияқты бұл винтовканың да кемшілігі болды: бүгілген сүңгісі мен ұзын оқпаны қимылдағанда, жаяу жүріс кезінде, әсіресе орман ішінде ыңғайсыздық туғызатын болған.  Дегтярев тапанша-пулеметы (ППД-40)  Ұлы Отан соғысында винтовкалармен қатар автоматтар көп қолданылды. Соғыстың алғашқы жылдарында көп таралған автоматтың бірі – Дегтярев тапанша-пулеметы. Конструктор Василий Дегтярев құрастырған бұл қару сол жылдары қолданылған автоматтардан кем түспеген. Тапанша-пулемет 71 оқ сыятын барабанға ұқсас қорабымен танымал. Салмағы 4 килограммдық қару минутына 800 оқ жылдамдықпен 200 метр қашықтыққа ататын болған. Соғыстың алғашқы уақытында қолданылған бұл автоматты кейін Шпагин тапанша-пулеметі алмастырды.  Шпагин тапанша-пулеметі (ППШ-40)  Конструктор Георгий Шпагинге пайдалануға жеңіл, өндірісте арзан, көп данамен шығарылатын қару жасау керек болды. Бұл қару Дегтярев автоматынан 71 оқтық қорабты көшіріп, 300 метр қашықтыққа ата алатын минутына 900 оқ жылдамдыққа ие болды. Шпагин автоматын меңгеру үшін бір-екі сабақ жеткілікті еді. 5 бөлікке оңай шашылып жиналатын бұл қарудың құрылысы оңтайлы болған. Соның арқасында соғыс жылдарында 5,5 миллион данасы жасалып шығарылды.  Дегтярев пулеметі (ДП-27)   Дегтярев пулеметі Қызыл Әскер арсеналында 15 жыл бойы басты қарулардың бірі болды. Оның ату құрылымы оқ-дәрі газдарының күшімен жұмыс істеді. Газ реттегіш бөлігі қаруды қызып кетуден сақтап тұрды. ДП-27 тек автоматты түрде оқ ататын еді, бірақ оны үйреніп алу үшін 1-2 күн жеткілікті еді. Атыс жиынтығы 47 оқты сыйдырып, минутына 150 оқ жылдамдықпен атқан. Ал ату қашықтығы 1.5 шақырымға жеткен. Соғыс жылдарында ДП-27 пулеметінің 800 мың данасы шығарылды. Пулеметтің салмағы 8.5 килограмм болған. Пулемет ауыр болғанымен, ату күші қуатты болған. Қаруды басқару бір адамға қиын, сол себепті оқ-дәріні дайындап салып отыратын көмекші керек болған.  Неміс жаяу әскерінің қарулары  Mauser 98K  Mauser 98K – ХІХ ғасырда ағайынды Пауль және Вильгельм Маусерлер жасаған Mauser 98 винтовкасының жетілдірілген түрі. Mauser 98K винтовкасын неміс әскері 1935 жылдан бастап қолдана бастады. Бұл қарумен тәжірибелі сарбаз 1 минут ішінде 1.5 шақырым қашықтыққа дейін 15 рет дәл ата алады. 4 килограмм салмағы мен 1250 мм ұзындығы Mauser 98K винтовкасын өте жинақы қару еткен. Соғыс кезінде 15 миллион данасы шығарылған.  G-41 винтовкасы G-41 винтовкасы Кеңес әскері қолданған винтовкаларға жауап ретінде жасалған қару болды. Оның ату қашықтығы 1200 метрге дейін жеткен. Бірақ ату жиілігі 1 оқтан тұрған. Бұл винтовканың кемшілігі – салмағы ауыр және сенімсіз. Сондықтан өндірілген саны да аз болды.  МР-40 автоматы  Вермахт қолданған МР-40 тапанша-пулеметі кең таралған қару болатын. МР-40 бұған дейін Генрих Фольмер жасап шығарған МР-36 автоматының жаңа түрі еді. Алайда бұл қару «шмайссер» атауымен танымал, себебі қорабында «PATENT SCHMEISSER» жазуы болған. Яғни қорап авторы – Хуго Шмайссер атты конструктор.  МР-40 негізінен жаяу әскерге арналып жасалған, алайда жаяу әскерге бұл винтовка кәдеге жарамады. Себебі МР-40 жақын қашықтықтағы ұрыстарға ғана арналған. Ату қашықтығы 70-тен 150 метрге дейін болған. Винтовка кейін танк жүргізушілеріне, бронды машина жүргізушілеріне, парашютист-десантшыларға таратылды.  StG-44 винтовкасы  Хуго Шмайссер жасаған ең әлеуетті қарудың бірі – StG-44. Винтовка бір оқтық принциппен және автоматты жиілікпен ата алатын болған. Қорабымен есептегенде салмағы 5,22 килограмм болған. Ату қашықтығы – 800 метр. StG-44 15, 20 және 30 оқ сыйдыратын қорабтардан тұрған. Ал ату жылдамдығы – минутына 500 оқ. Винтовканың кемшілігі де болған. StG-44 Mauser-98K-дан бір килограмм ауыр болған. Оның ағаш дүмі көпке шыдамай ұрыс кезінде сынып кете берген. Соғыс соңына дейін неміс әскеріне 450 мың StG-44 винтовкасы жасалған. Оны көбіне СС бөлімінің таңдаулы әсекері қолданған.  MG-42 пулеметі  30 жылдары Вермахт билігі алдында мықты пулемет жасау мақсаты тұрды. Осылайша, MG 34, 42, 45 сериялы пулеметтері жасалды. Осының ішіндегі 7.92 мм калибрлі MG-42 пулеметі Екінші дүниежүзілік соғысының ең мықты қаруы саналады. Оны «Гроссфус» комапаниясында инженерлер Вернер Грунер мен Курт Хорн жасап шығарды. Пулемет 1 шақырым қашықтыққа минутына 1500 оқ жылдамдыұпен атқан. Ал бір циклді қорап 50–250 оқты сыйдыра алған. MG-42 ерекшелігі көп бөлшекті қажет етпеген. Жалпы саны 450 мың пулемет жасалған. Кейін MG-42 құрылымындағы бөлшектерді көптеген конструктор қолданған.

09 мамыр 2018 ж. 1 434 1

JeaCold от 5 наурыз 2019 08:08
Azithromycin Zithromax Buy Farmacia Online Cialis viagra Will Amoxicillin Hurt Pets

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 041

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031