» » Әлемдегі әртүрлі розеткалар

Әлемдегі әртүрлі розеткалар

Әлемдегі әртүрлі розеткалар Біз қашан саяхатқа шықпайынша, күнделікті розетка секілді заттар жөнінде ойлана бермейміз. Оны біз үйіміз секілді жайларда күнделікті смартфонды қуаттауда немесе фенді қолдануда пайдаланамыз. Дүние жүзіндегі электр желілерінің қарқындап дамуына сай розеткалардың әр түрі пайда болды. Электр генераторының түрлі құрылымдары қосқышты жобалауға да әсерін тигізді. Электр жүйесін орнатумен айналысқан кәсіпорындар, сондай-ақ осы желілерге сай келетін тиісті жабдықтармен (әр кәсіпорынның өзінікі бөлек болды) жабдықтады. Сол заманда пайда болған кейбір розеткалар (жаңғыртылған түрде) осы күнге дейін қолданыста болса, басқаларынан қауіпсіздік себептерінен бас тартуға ұйғарылды. Бірақ, дүние жүзінде әлі күнге барлық электр жүйесіне сай келетін ортақ стандартты түрі жоқ және әлемдік түрлі бөлігінде кернеу мен жиілігінде болатын токтар өзгешеленеді. • 100-127 В кернеуге жиілігі 60 Гц болатын токты АҚШ, Канада, Жапония, Мексика, Куба, Ямайка, ішінара Бразилия және өзге де мемлекеттер пайдаланады. • 220–240 В кернеуге жиілігі 50 Гц көптеген басқа да мемлекеттер пайдаланады, алайда бірдей құрылымдағы розетка түрлері өзгеше болып келеді. Жер шарында розетканың 12 негізгі түрі (өзге классификацияда – 15). Міне олардың кейбірінің қысқаша сипаттамасы. А және В типтері – Америкалық розетка ыы В типінің А типінен айырмашылығы – жерлендіруге арналған үшінші саңылауында. Мұндай розеткалар атауынан белгілі болғандай АҚШ-та пайда болып, Американың Солтүстік, Орталық, ішінара Оңтүстік Америка аймақтары мен өзге де елдерге таралған. С және F типтері – Европалық розетка ыы А және В типтері секілді С және F типтері де бір-бірінен тек жерлендірудің болуымен (ол тек F кездеседі) ерекшеленеді. Европалық розетка ЕО кіретін көптеген мемлекеттерде, сондай-ақ, Ресей мен ТМД және Алжир, Египет пен өзге де елдерде қолданады. G типі – Британдық розетка 545 Ұлыбританияда кездесетің розеткалардың үш жазық тесігі болады және бұл конструкция жайдан жай пайда бола салмаған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі шақтарда мемлекет мыс тапшылығын көреді. Сондықтан, ажыратып-қосушы штепсель қысқа мыс сақтандырғыш пен үш істікшемен әзірленген. Ұлыбританиядан басқа бұл розеткалар Кипрда, Мальта мен Сингапурда және Британ империясының ықпалында болған өзге де мемлекеттерде пайдаланылады. I типті – Австралиялық розетка ыы Бұл типтегі розеткаларды тек Автралиядан ғана емес, бұдан өзге Жаңа Зеландиядан, Фиджиден, Кука аралынан, Жаңа Гвинея мен Самоадан, кейде тіпті А және С типтері таралған Қытайдан да көруге болады. H типті – Израиль розеткасы ыыы Н типі тек Израиль мен Палестинада ғана қолданады және мұнда істікше тістері дөңгелек те, жазық та (бұл құрылғының қашан шыққанына байланысты) болып келеді. Жазық пішінді розетка ескі техникада кездессе, жаңа розеткаларға екі нұсқасы да сай келеді. K типті – дат розеткасы ыы Бұл розетканы әлемдегі «өте мейірімді» атауға батыл ұсынуға болады, оның конструкциясы күлімдеген пішінді еске салады. Бәлкім Дания мен оның құрамына кіретін Гренландияда, Бангладеш пен Мальдивада да К типі қолданылады, дегенмен мұнда розетканың бірнеше типтері қатар таралған.
Дереккөз:bilim-all.kz

21 сәуір 2018 ж. 1 110 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 048

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031