» » "ZKZM-500" – Қытайдың болашақ қаруы

"ZKZM-500" – Қытайдың болашақ қаруы


Қытайдың "ZKZM Laser" компаниясы арақашықтықтан нысандарды тесіп өтетін лазер автомат прототипін ұсынды. Мамандардың мәлімдеуінше бұл қарудан антитеррорлық қару ретінде пайдалануға болады.
Модел "ZKZM-500" деп аталып, атақты “Калашников” автоматы өлшемдеріне ие. Лазер қару 800 метрдегі нысандарды да жоя алады. Ерекшелігі сол бұл қару тіршілік иелеріне зиян келтірмейді тек физикалық нысандарды жояды. Мысалы, бұл қарумен адам нысанға алынып атылса оған зиян келмейді, бірақ киімі өртеніп кетеді екен. Сондықтан аталған қаруды бейбіт қарулар қатарына қосуға болмайды.
Қару жасаушылардың айтуынша "ZKZM-500" полиция тарапынан түрлі мақсаттарда қолдануға болады. Мысалы, қашып бара жатқан көліктерді тоқтату мен қылмыскердің техникасын жоюға. Тағы бір ерекшелігі "ZKZM-500"-ден шығатын лазер көзге көрінбейді.
Автоматтың толық қуатын бірнеше рет пайдалануға болады. "ZKZM-500" шамамен 15 мың АҚШ долларына бағаланған. Болашақта онымен полиция мен армия қарулануы күтілуде.
04 шілде 2018 ж. 1 434 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 189
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031