» » Өзбекстанды Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі қызықтыруда

Өзбекстанды Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі қызықтыруда

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен PIIMA өзбек агенттігінің басшылығы заманауи инновациялық мектептерді құру мен олардың қызметіндегі басым бағыттарды талқылады, деп хабарлайды egemen.kz.



PIIMA (Prezident, ijod va ixtisoslashtirilgan maktablarni rivojlantirish agentligi) – Өзбекстанда 2019 жылғы қыркүйекте Республика Президенті Шавхат Мирзиеевтің Жарлығымен құрылған дарынды балаларға арналған инновациялық мектептер болып табылады. Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Президенттік, шығармашылық және мамандандырылған мектептерді дамыту агенттігінің директоры Хилола Умарованың айтуынша, Өзбекстан білім беру стандартын, сондай-ақ оқытудың әдістемелері мен технологияларын жетілдіру, білім беру ұйымдарының жаңа модельдерін қалыптастыру мен тарату, педагогтарды кәсіби дамыту бойынша кешенді жұмыс істеп келеді.

л

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова алғашқы жылдары Ұлыбританияның, Финляндияның, АҚШ-тың және де өзге де көптеген елдердің білім беру жүйелері зерттелгенін, содан кейін қазақстандық идеология, отандық менталитет, мәдениет пен дәстүрлер негізінде Зияткерлік мектептердің өзіндік бағдарламасы – NIS-programme құрылғанын атап өтті. Шетелдік әріптестерді оқу-әдістемелік материалдар және оларды әзірлеу, жазғы лагерлерді, олимпиадалық қозғалысты ұйымдастыру жөніндегі практикалық сұрақтар қызықтырды.
Өткен жылдың желтоқсан айында Агенттік делегациясы Нұр-Сұлтан қаласына келіп, елордадағы үш Зияткерлік мектептің, Педагогикалық шеберлік, педагогикалық өлшемдер және білім беру бағдарламалары орталықтарының жұмыс барысын зерттеді.

28 наурыз 2021 ж. 594 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930