» » Назарбаев Зияткерлік мектептерінің сертификатын Германияның ЖОО тікелей білім алуға жарамды деп тапты

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің сертификатын Германияның ЖОО тікелей білім алуға жарамды деп тапты

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің сертификатын Германияның ЖОО тікелей білім алуға жарамды деп тапты
Зияткерлік мектептердің сертификаты тағы бір халықаралық мойындауға, яғни Германия Федеративтік Республикасының жоғары бағалауына ие болды, – деп хабарлайды Елорда инфо.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ баспасөз қызметі мәлімдегендей, ГФР Білім және мәдениет министрлер кеңесі неміс елінің жоғары оқу орындарына Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектеріне арналған арнайы нұсқаулық жіберді.
«Кеңес Зияткерлік мектептер түлектерінің сертификатын Германияның жоғары оқу орындарында тікелей білім алуға жарамды деп тапты. Бұл туралы ГФР-дың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рольф Мафаэльдің «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқармасының төрайымы Күләш Шәмшидиноваға  жолдаған ресми хатында жазылған», – делінген хабарламада.
Хатта неміс университеттері студенттерді қабылдау туралы шешім қабылдауда тәуелсіз екендігі түсіндірілген. Алайда, Білім және мәдениет министрлігінің жанындағы Тұрақты конференцияның Кеңесі нұсқаулық негізінде шетелдік мектеп сертификаттарын тану туралы өз университеттеріне ұсыныс жасауға құқылы.
NIS Grade 12 Certificate математика, техника, ғылым, медицина, қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық, тіл салаларында, сондай-ақ спорт және өнер мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарында салалық оқытуға мүмкіндік береді, делінген Рольф Мафаэльдің хатында.
Бұл Зияткерлік мектептердің түлектері Германияның ЖОО-ларына Foundation курсын оқусыз, тікелей бірінші курсқа қабылданады деген сөз.
Нұсқаулық 2018 жылғы жазғы семестрден бастап күшіне енеді.
Неміс Кеңесінің шешімі Зияткерлік мектептердің халықаралық жетістіктерін растап, қазақстандық-германдық білім беру және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа сатыларға жол ашады.
29 мамыр 2018 ж. 1 127 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930