» » МАҢЫЗЫ МЕН МАЗМҰНЫ ЗОР КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

МАҢЫЗЫ МЕН МАЗМҰНЫ ЗОР КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

Қызылорда облысының әкімдігі мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум аясында бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 3 мамырында Педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласындағы филиалында Қызылорда облысының 46 инновациялық мектеп директорларына арналған «Білім беру ұйымдарында инновациялық әрекеттерді басқару жүйесі» тақырыбында ашық диалог алаңы ұйымдастырылды.
Еркін пікір алмасу алаңына «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы Күләш Ноғатайқызы Шамшидинова арнайы қатысып, шараның маңыздылығын арттыра түсті. Кездесу барысында Күләш Ноғатайқызы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Елбасы Жолдауындағы бастамаларға шолу жасап, өзгерістің қажеттілігі мен маңыздылығына тоқталып, білім беру жүйесінің алдындағы міндеттерді төрт бағытта талдап өтті:
• Тәрбие бағытындағы міндеттер;
• Кең ауқымды дағдылар;
• STEAM білім беру;
• Кәсіпкерлікті арттыру;
Өз баяндамасында К.Шамшидинова Отандық және әлемдік сарапшылардың болжамдары мен зерттеулерінен айғақтар келтіріп, болашақтағы еңбек нарығы мен мамандықтар, оларға қажетті дағдыларға деген сұраныстың пайыздық арақатынасы, қоғам қажеттілігіне сай білім беру миссиясындағы өзгерістер, халықаралық стандарттарға сәйкес білім беру мазмұнының ерекшеліктері, бағалау жүйесіндегі өзгерістердің себептері тақырыптарында мазмұнды баяндама жасады.
Кездесу барысында инновациялық мектеп директорлары екіжақты Меморандум аясында өз мектептерінде жүргізіліп жатқан жаңа бастамалар мен олардың нәтижесі мен ықпалын ортаға салып, НЗМ тәжірибесінің артықшылығы мен тиімділігін тілге тиек етті.
«Еркін микрофон» бөлімінде мектеп басшылары өздерінің сауалдары мен ұсыныстарын ортаға салып, Басқарма төрайымынан тұшымды жауаптар ала алды. Кездесу соңында инновациялық мектеп басшылары Күләш Ноғатайқызына алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсу рәсімімен қорытындыланды.
04 мамыр 2018 ж. 1 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930