» » Елбасы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы К.Шәмшидинованы қабылдады

Елбасы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы К.Шәмшидинованы қабылдады

Жаңа білім ұяларын ашу кезінде Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін ескеру керек. Елбасы «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымын қабылдап, осыған зер салды. Білім ошағының негізі қаланған 10 жыл ішінде 5 мың 600-ден аса түлек түлеп ұшты. Олар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген,-деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
«Бұл - Қазақстанда 3 тілді оқыту жүйесін іске асыру мүмкін екендігін қоғамға дәлелдеп берді», - деді Президент. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Назарбаев зияткерлік мектептерінің біздегі орта білім жүйесіндегі айрықша ролін атап өтті. Ал дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова мектепке қабылданатын балалар қарім-қабілетіне қарай іріктеліп, қатаң байқаудан өтетіндігін айтты. Тіпті шалғай ауылдардан келіп, жатақханада тұрып оқуға да мүмкіндік бар. Тек білім мен оқуға деген ынта болса болғаны. Ұстаздар да арнайы талапқа сай болуы тиіс. Балаларды өзіміздің және шетелден келген мұғалімдермен қатар «Болашақ» бағдарламасының түлектері де оқытады екен.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Зияткерлік мектептер деген орта білім жүйесіндегі үлкен жаңалық болды. 2008 жылы менің тапсырмаммен басталды. 20 мектеп салынды барлық облыстарда. Осы мектеп арқылы біз халықтың барлығына түсіндірдік. 5660 бала бітіріпті. Барлығы 3 тілде. Қазақ тілінде, ағылшын, орыс тілінде сөйлеп шықты. Мінекей онда тұрған ешқандай қиындық жоқ. Және бітірген балалардың барлығы университетке түсті. Халықарлық университет салған кезде, соларға балаларды конкурстан өту үшін осы мектеп салдық. Мінекей бұл мектеп басқа барлық мектептерге өнеге болып отыр. Осы арқылы үйретіп, жаңағы мектептерді қайта құру мәселесі осы зияткерлік мектептерге қарап шешіліп келе жатыр. Сондықтан қазіргі жағдай қалай? Ары қарай қандай ойымыз бар? Соны сұрау үшін әдейі шақырып отырмын.
Күләш Шәмшидинова, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы:
- Өзіңіздің тапсырмаңызбен бұл мектептер ашыла бастады. Жаңа өзіңіз айтқандай 20 мектеп істеп тұр. Жұмысшының да дәрігердің де баласы оқиды. Барлығы қабілетіне байланысты. Барлық балалар оқып жатыр.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Алыстағы ауылдардан келеді, жатақханасы бар.
Күләш Шәмшідинова, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы:
- Жатақханасы бар. 3 мың бала бұл ауылдың баласы мен кішкентай қалалардың баласы қазір оқып жатыр. Мына біздің 2010 жылмен салыстырған кезде қазір 1 орынға конкурс 9-10 бала. Бұрын 1-2 бала болатын. Конкурс өте үлкен. Биыл біз Назарбаев зияткерлік мектептеріне 2 мың бала қабылдаймыз деп отырмыз жаңа оқу жылына. Қазірдің өзінде 15 мыңнан артық өтініш келіп түсті. Енді осы жылдар ішінде үлкен жұмыс атқарылды. Өзіңіздің қолдауыңызбен, Үкіметтің қолдауымен. Ең бірінші мәселе мына біз мұғалімдердің коллективін құрып шығардық. Қазіргі таңда 2800 мұғалім жұмыс істейді. Олардың 195-і шетелдік мұғалімдер. Бірақ біздің мектепте қазір «Болашақ» бағдарламасынан 102 адам оқып жатыр. Бізге өте үлкен көмекті «Болашақ» бағдарламасы көрсетіп жатыр. Ұстаз болып жұмыс істеп жатыр. Назарбаев университетін бітірген 81 адам жұмыс істеп жатыр. Биылдың өзінде біздің мектепке біздің Назарбаев зияткерлік мектебін бітіріп, Назарбаев университетін, басқа пединституттарды бітіріп, 24 баламыз өзімізге мұғалім болып қайтып келді. Бізде 4 ғылым докторы, 22 ғылым кандидаты, 719 магистр мұғалім болып жұмыс істейді.
02 наурыз 2018 ж. 1 353 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 017

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031