» » NIS білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді

NIS білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының  Педагогикалық шеберлік орталығы әлем мұғалімдерінің кәсіби дамуын жоғарылатудағы айрықша жетістіктері үшін әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді, деп хабарлайды Egemen.kz.


Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы педагогтарды кәсіби оқыту саласындағы жетістіктері үшін табысталатын беделді UNESCO Hamdan 2019-2020 халықаралық сыйлығының нәтижелерін жариялады.
Педагогикалық шеберлік орталығы мұғалімдердің жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін көтерудегі баға жетпес тәжірибелері мен жетістіктері үшін UNESCO сыйлығының үздік 10 финалистері қатарына енді. ПШО үздік академиялық жетістіктері мен мұғалімдердің кәсіби дамуындағы құнды тәжірибе үшін алғыс сертификатына ие болды.
Беделді халықаралық сыйлықтың финалистерін халықаралық қазылар алқасының ұсынымдары мен бағалауы негізінде UNESCO Бас директоры Одрэ Азуле іріктеуден өткізді. Қазылар алқасының құрамына педагогика саласында бірегей білім мен тәжірибеге ие әлемнің түрлі елінің мойындалған сарапшылары енді.
UNESCO Hamdan миссиясы – әлем мұғалімдерінің үздік тәжірибелеріне ықпалдасу. Аталған беделді сыйлық 2008 жылы құрылған, әр екі жыл сайын табыс етіледі. 2019-2020 жылдардағы байқауға оқытуды жетілдіру бағытында қызмет ететін  халықаралық және ұлттық 190 ұйым қатысты.
UNESCO Hamdan сыйлығы Педагогикалық шеберлік орталығының  халықаралық жетістіктерінің бүтін бір топтамасын жалғастырды. Қазіргі таңда Орталық жасап шығарған біліктілікті арттырудың 10 білім беру бағдарламасы ACQUIN (Германия) аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету Институтының  халықаралық сертификаттауынан өтті.
Педагогикалық шеберлік орталығының халықаралық деңгейде мойындалуы  "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының ынтымақтастық аясын кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

13 қараша 2020 ж. 581 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 235

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 338

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930