» » ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының және Қызылорда облыстық Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілген облыстық шығармашыл ұстаздардың «Тәжірибе алаңы» қорытындыланды.


Облыстық «Тәжірибе алаңы» барысында «Үздік ықшам сабақ-2019» байқауы жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытта өткізілді. Байқауға 20 қатысушы қатысты. Ұйымдастырушы-сарапшылар байқауға қатысушылардың жұмыстарын сараптап, қорытынды жасады. Нәтижесінде Сырдария аудандық білім бөлімінің командасы «Алтын көмбеге» қол жеткізді. «Брейн-ринг-2019» таным сағатына әр командадан 4 қатысушы қатысып, командалық сайыс өткізілді. Сайыс барысында әр түрлі пән бойынша логикалық сұрақтар қойылып, нәтижесінде төмендегі озып шыққан командаларға жүлделі орындар берілді.
1-орын – Арал аудандық білім бөлімінің командасы;
2-орын – Жалағаш аудандық білім бөлімінің командасы;
3-орын – Қармақшы аудандық білім бөлімінің командасы.
Сонымен қатар ақындар айтысы өткізілді. Айтыстың тақырыбы мұғалім мәртебесіне арналды. Қызықты кешке командалар жоғары белсенділікпен қатысып, терең мағыналы өлеңдер оқыды. Нәтижесінде қазылар алқасы шешімімен 1 орынды – Қызылорда қаласынан Сүлейменов Жанмұрат Құлтайұлы, 2 орынды – Жаңақорған ауданынан Тәуекелов Азамат Қайратұлы, 3 орынды – Жалағаш ауданынан Кожаниязова Айнур Нагашыбаевна иеленді.
Іс-шара соңында облыстық шығармашыл мұғалімдердің тәжірибе алаңы жұмысын қорытындылауға арналған жиын өтті. Жиынды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, ұйымдастыру алқасының жетекшісі Құсейнов Серік Әбсадықұлы кіріспе сөзбен ашып, тәжірибе алаңының мұғалімдер үшін маңыздылығына тоқталып өтті. Сонымен қатар Қызылорда облыстық Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті төрайымының орынбасары Ескалиева Гульнара тәжірибе алаңына қатысушы шығармашыл мұғалімдердің еңбектеріне табыстар тіледі.
Жиын соңында облыстық тәжірибе алаңы аясындағы іс-шараларға белсене қатысып, үздік жұмыстары мен кәсіби шығармашылық шеберлігі үшін үздік мұғалімдерге, командаларға институттың және Қызылорда облыстық Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталары, І, ІІ. ІІІ дәрежелі Дипломдар мен Алғыс хаттар табысталды.
09 қаңтар 2019 ж. 1 635 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031